Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Лукашенко Қазақстандағы тәртіпсіздіктердің артында кім тұрғанын айтты

Беларусь президенті Александр Лукашенко Қазақстандағы тәртіпсіздіктердің артында кім тұрғанын айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі “БЕЛТА” басылымына сілтеме жасап.

"Олар Беларусьтің әректінен тәжірибе алып, қорытынды жасады. Сіздер бұл бандылардың артында және Алматыдағы бүлікшілердің артында кім тұрғанын тіпті білмейсіздер. Бірақ біз мұны біліп отырдық. Ол Литва, Польша, содан кейін Украина болды. Ал оларды америкалықтар қаржыландырған. Ол жерде белгілі бір мемлекеттің арнайы жасағы жұмыс жасаған. Арнайы жасақ болмаса, мұндай әрекетті бір күнде жасау мүмкін емес. Барлығы айдан анық, алдағы уақытта шындық ашылады”, – дейді Лукашенко. 

Сондай-ақ Александр Лукашенко  Қазақстан мен Беларусьтегі оқиғалардың айырмашылығын айтты.

"Бізді Қазақстанмен бір деңгейге қоюға болмайды. Сіздер сол оқиғаға деген көзқарасты көрдіңіздер, Қазақстанда жүздеген адам қаза тапты. Ал біздің жағдайда біз "көгілдір фишкаларымыз" – кәсіпорындарымызды өз қарамағымызда ұстадық. Егер олар америкалықтардың, еуропалықтардың қолында болса, біз 2020 жылдың тамызындағыдай жағдайды бастан өткерер едік. Бірақ билік, ақша, мүлік барлығы белорустардың қолында. Не болса да, бұл екі түрлі жағдай, салыстыруға мүлдем келмейді”, – дейді ол. 

Талқылау