Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Луина журналистің өзіне маскүнем деп жала жапқанына ренжулі

Әнші Луина бір кездері журналистің өзіне негізсіз жала жауып, жұрт алдында масқаралағанын айтты.

28051712 (1)

Бұл туралы “Ревю” хабарлайды.

Теледидар алдында жайбарақат отырған Луина журналист өзі жайлы  жалған ақпарат таратып жатқанын көріп, не істерін білмей қалған. Әнші өтірікті шындай етіп жеткізген журналистерден соң әр қадамын аңдап басып, аузынан шыққан әр сөзді байыптайтын болған.

“Луина өлесі мас. Тіпті өзінің не істеп, не қойып жүргенін де білмейді деп масқаралаған журналис те кездескен жолымда. Сол күні ішімдікті аузыма алған емеспін. Маған тіл тигізгені үшін сотқа да шағымдануыма болар еді. Бірақ ешкім көрмейтін бағдарламаға рейтинг жасап, атыма кір келтіріп қайтемін деп шештім”, – дейді әнші барынша назар аудармауға тырысқанын айтады.

Өзге әншілер де тыңдармандарынан жағымсыз пікір естіп дәл осындай жағдайдың бастарынан өткенін айтты.

Темір тұлпарды тізгіндеуді ілгеріректе меңгерген Лидо өзін тәртіпті жүргізушілер қатарына жатқызады. “Жол ережесін бұзу арқылы өзіне де, өзгелерге қауіп төндіргендермен күрескенме талай уақыт өтті” деп әнші ағынан жарылды.

“Рөлде келе жатқанымда бір ер азамат жолды босатуымды сұрап жарығымен белгі берді. Бірақ жол ережесін бұзып орын босатып бере алмадым. Ызаланған жігіт менің алдыма шығып, тежегішті қайта-қайта басып, авариялық жағдай тудырды. Онысынан түк шықпаған соң боғауызды аямай жаудырғаны бар. Бұл жағдай жүйкемді біраз жұқартты”, – дейді Лидо. Десе де, әлгі жігітті сотқа беріп әуре болмағанын айтады.

Ал әнші әрі актриса Меруерт Түсіпбаева инстаграм желісінде өзіне тіл тигізген бойжеткенді тізерлетіп кешірім сұратқан-ды.


Оқи отырыңыз:

Луина мұрнының үлкендігінен бір кездері қатты ұялғанын айтты

Әнші Луина тыңдармандарының сынына бола төсіне ота жасатпақ

Кекіл немесе кекілсіз: Қай жұлдызға қандай шаш үлгісі жарасады?

Кентал мен Луина “Перизат” әнінің кавер нұсқасын орындады

Талқылау