Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Луина: Мен ашық-шашық киіммен әдейі суретке түсемін

Тым ашық киінгені үшін үнемі елден сөгіс еститін әнші Луина мұндай қадамға әдейілеп баратынын мәлімдеді. Айтуынша, су киімімен түскен суреттері оның өзіне де, сүйікті ер азаматына да ұнайды. Сол себепті Луина өзгелердің пікіріне бас қатырмайды.

14295528_328267557521763_1053693197_n

Бұл туралы 31 арнаның «Айта берсін» бағдарламасында айтылды.

«Шынымды айтсам осы мәселені талқылаудан жалығып кеттім. Мен шомылу киімімен түскен суреттерімді жариялаудан қорықпаймын. Су киімімен түскен суреттерді желіге салу үшін де арнайы суретке түсемін. Өйткені ол маған ұнайды. Мұның еш әбестігін көріп тұрған жоқпын. Халықпен таласқым келмейді және біреудің көңіліне қарап та жүргім келмейді. Бұл маған, менің сүйікті ер азаматыма, жақындарыма ұнайды. Мен емес, қарапайым бір қыз сондай сурет салса, ешкім ештеңе демес еді. Луина болғаннан кейін осы. Сондай-ақ, мен әркез осындай болдым. Шоу-бизнеске жабық киіммен келген жоқпын», – деді Луина.

14597462_1796764457206647_8852511360420937728_n

Луинаның әріптесі, үнемі ашық киім кигені үшін сын еститін Мақпал Исабекова да айта-айта жауыр болған мәселені талқылаудан шаршағанын айтып, журналистерге жауап беруден бас тартты.14705103_1714262732230285_3350182431998083072_n

Жіберіп алмаңыз:

Ксения Собчак екіқабат күйінде жалаңаштанып суретке түсті

Лидо не себепті ашық-шашық киімдерден бас тартқанын айтып берді

Карина Абдуллина ұлын Болат Сыздықовтың атына жаздырғанын айтты

Ақбота Керімбекова: Эстрадамызда өзін-өзі сататын әншілер көп

Талқылау