Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Луина қызбен сүйісіп, ортаңғы саусағын көрсетіп суретке түскені үшін сынның астында қалды (фото)

Елімізге танымал әнші әрі тележүргізуші Луина болашақ сәбиінің КВН ойыншысына ұқсағанын қалайтынын айтты. Мұнымен қатар, әнші қызбен сүйіскен суретіне бола сын астында қалды.

image

Фото: instagram.com/luinaofficial/

Бұл туралы Stan.kz сайты хабарлайды.

Күні кеше 29 жасқа толған Луина өзінің туған күнін дүркіретіп атап өткен-ді. Әншінің қуанышын бөлісуге өнер мен өмірдегі барша досы келді. Кеш барысында түсірілген суреттердің бірі желі қолданушыларының ашуын келтірді. Олар түрлі пікір білдіріп, суретті сынап тастаған.

Туған күн барысында Луина танымал КВН ойыншысына алғыс айтып, болашақ сәбиінің соған ұқсағанын қалайтынын айтады. Артынша ернінен сүймек болады. Ал бұл суреттің куәсі болған желі қолданушылары “Луина, сізге не болған?”, “Ақымақтар”, “Жетісіп тұрсыңдар”, “Маймылдар” деп жағымсыз пікірлер білдірген. Мұнымен қатар, әншіні жақтап сөйлеп, басқаларға оның жеке өміріне араласпауға кеңес бергендер де бар. Десе де, қос жұлдыз мұндай пікірлерге назар аудармаған сыңайлы.

13320092_1034035380022857_1176684909_n

GettyImages-487016136

Ал Луинаның өзін ерекше жақсы көретінін естіген Гүлнәр Силбаева қуанышын жасыра алмады.

“Луина, болашақ сәбиінің маған ұқсағанын қалайды. Сондықтан уақыты келгенде оның тұсауын мен кесетін боламын. Бұл мен үшін үлкен мәртебе. Рахмет саған, Лу”, – дейді Гүлнәр Силбаева.

tasiaamber

13259029_256525274704611_2008098857_n

Әзірге Луинаның қашан тұрмысқа шығатыны белгісіз. Ол өз туған күнінде ақ көйлек киіп, сәбилі болғысы келетінін айтқан болатын. Бес жылдан бері азаматтық некеде бірге тұрып жатқан продюсері әлі күнге дейін оған ұсыныс жасамаған.


Жіберіп алмаңыз:

Жасы отызға таяған Луина тұрмысқа шығуға асығып жүргенін айтты

Луина 29 жасқа толған туған күнін достарымен бірге атап өтті (фото, видео)

Луина журналистің өзіне маскүнем деп жала жапқанына ренжулі

Әнші Луина тыңдармандарының сынына бола төсіне ота жасатпақ

Талқылау