Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

LRT ісі бойынша банкрот болған Астана банкінен бір жылда 9,5 миллиард теңге қайтарылды

City Transportation Systems компаниясы LRT ісі бойынша банкрот болған Астана банкінен қайтарылған қаражат мөлшерін жариялады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: 365info.kz

Компанияның дерегіне сәйкес, 2024 жылы 9,5 миллиард теңгеге жуық қаржы қайтарылған. Оның ішінде: 

  • CTS шотына 4 269 834 015 теңге ақшалай қаражат аударылған;
  • Мүлік түрінде тағы 5 380 320 529 теңге түскен. 

Сот үкімінің заңды күшіне енуіне байланысты тағы 51 462 015 297 теңгені қайтару бойынша жұмыс жүргізіліп жатыр. Аталған қаржының барлығы Астанадағы LRT құрылысына бағытталады. 

Айта кетейік, 2016 жылы Қытай даму банкінен алынған 257,6 миллион доллар көлемінде қарыз Астана Банкіне аударылған. Қаржы LRT құрылысына арналған қарыздың бір бөлігі еді, ал жалпы сома 1,6 миллиард доллар болған. 

2016 жылдың 30 желтоқсанында Қытай даму банкі 257,6 миллион долларды компания есепшотына аударған. Сол күні-ақ қаржы жылдың 5% мөлшерлемемен Астана Банкіндегі депозитке салынған. 

Дегенмен бақылаушы органдар мұны есепке алмай, банк жеке жарғылық капиталынан да көп қаржы алған. Сол сәтте Астана банкінің капиталы 24,7 миллиард теңге болған екен. 

Талқылау