Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Лотореядан 1,3 миллион доллар ұтып алған жігіт билетін жоғалтып алған соң, өзіне қол жұмсаған

42 жастағы жігіт ақырғы хат жазып, өзіне қол жұмсаған. Онда, әлдебіреулерден отбасын қорқытпауды сұраған.

Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.

Лотерея жеңімпазы өзінің жүлделі билетін жоғалтып алғаннан кейін, өзіне қол жұмсаған. 42 жастағы Джиравут Понгфан бүкіл отбасы мен достарын Таиландтағы үйінде жинаған.  Ол болашақта күтіп тұрған  өзгерістерді тойлау үшін жақындарының басын қосқаны жайлы Life.ru.-да жариялады.

Джиравут лотореядан 1,3 миллион АҚШ долларын ұтып алды. Бірақ, думанды кештен кейін, келесі күні лоторея билетін жоғалтып алған.

Жігіттің таныстарының айтуынша, ол шалқып өмір сүретініне соншалықты сенгендіктен, жүлдесінен айырылғанын көтере алмады. Жігіт өлер алдында ақырғы хат жазып кеткен.

«Өкінішті. Өтінемін менің отбасыма тиіспеңдерші. Мен шынымен де ол лотореяны ұтып алғанмын»,-дейді жігіт ақырғы хатында.

Жігіт жеңіске жету үшін нөмірлері ұқсас жеті билет сатып алған. Ол шынымен де жүлделі болды. Қазір жоғалған билетке не болды, ол әлі белгісіз. Полиция тергеуді жалғастыруда.

Жіберіп алмаңыз:

Иттің үстінен үш пойыз басып өтті: Жануар аман қалды 

Діни ағымның жетегіне ерген ана екі баласын бірдей құрбандыққа шалды 

28 жастағы қыз өлгенде әдемі көріну үшін химиялық емдеуден бас тартты 

Салмағы 5 жасар баланікіндей қыз анорексияны жеңіп, инстаграм жұлдызына айналды (фото) 

 

Талқылау