Лондон сахнасында Димаш Құдайберген Лара Фабианмен бірге ән шырқады
Фото: https://www.instagram.com/kanat_sveta_aitbayevtar/
Әнші Димаш Құдайберген Лондондағы концертте өнер көрсетіп, әлемге әйгілі жұлдыз Лара Фабианмен суретке түсті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Өнер иесінің фотосын әкесі Қанат Айтбаев жеке парақшасында жүктеді.
"Лара Фабианның әдемі концертінен соң", – деп жазды мәдениет қайраткері.
DimashNews мәліметінше, Лара Фабианның "Voices" деп аталатын әлемдік турнесінің аясындағы концерті 3 маусымда Лондондағы OVO Arena Wembley-де өтті.
Кештің арнайы қонағы болған Димаш пен Лара дуэтінде әйгілі "Adagio" әні орындалды.
Лара Димаштың дауысы өмірінде естіген ең әсерлі, алып, күшті басқа ғаламшарлық дауыстың бірі екенін мойындады.
"Оның бүгін бізбен бірге ең қиын әндердің бірін орындағаны нағыз сыйлық", – деп атап өтті әнші.
-
"Сұлусың, тезірек үйлен": Димаш Құдайбергенге 95 жастағы әжей хат жазды
-
Желі жұлдызына айналған мектеп директоры Димаштың Лондондағы концертіне билет ұтып алды
Желі қолданушылары қос өнерпазға шығармашылық байланыс орнатуды тіледі.
“Қандай әдемі фото, тамаша орындау, құттықтаймын", "Әдемі тарихи фото", "Арманымызды орындағаныңыз үшін – бірге ән шырқағандарыңыз үшін рақмет. Бұл керемет қойылым болды", "Қандай керемет фото! Дуэтке риза болдым және Димаштың айналасында осындай керемет жандардың жүргені жүректі жылытады", – деп пікір қалдырды Димаштың жанкүйерлері.
Еске салайық, "Билікке жаққан әнші" деп танымал журналист Димаш Құдайбергенді сынаған еді.