Лондонда Қазақстан нарығының инвестициялық әлеуеті таныстырылды
Халықаралық инвесторлар Қазақстан облигациялары секторындағы өтімділік пен инфрақұрылымның жақсарғаны туралы ақпарат алды. Лондонда өткен жиында халықаралық инвесторлар Қазақстанның мемлекеттік бағалы қағаздарына инвестиция салу мүмкіндіктері мен қаржы инфрақұрылымын дамыту бағыттарынан хабардар болды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Ұлттық банктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Kazakhstan Local Debt Market іс-шарасын Қазақстан Ұлттық банкі, Қазақстан қор биржасы (KASE) және Citibank бірлесіп ұйымдастырды. Оған 50-ден астам компания, яғни әлеуетті инвесторлар қатысты.

Жиында халықаралық ұйымдардың, соның ішінде рейтинг агенттіктері, ірі инвестициялық банктер, ғаламдық кастодиандар мен басқа да ұйымдардың өкілдері сөз сөйледі. Ұлттық банк Төрағасының орынбасары Әлия Молдабекова, ҚҰБ Монетарлық операциялар департаментінің директоры Нұржан Тұрсынханов, сондай-ақ Ұлттық экономика вице-министрі Арман Қасенов баяндама жасады.

Іс-шараға қатысқандар маңызды макроэкономикалық үрдістерді және Қазақстан қаржы нарығының қазіргі жай-күйін талқылап, қаржы инфрақұрылымын дамытуға және халықаралық инвесторлардың мүмкіндіктеріне ерекше назар аударды. Сондай-ақ Қазақстанның борыш нарығына халықаралық инвесторлардың қатысуы туралы пікір алмасты.

"Дәрінің құны 1,5 миллиард теңге": Бұлшықеті әлсіз қазақстандық бүлдіршінге денсаулық сақтау министрлігі көмек көрсетуден бас тартқан