Лондонда бойжеткенді шектен тыс сұлулығы үшін телеарнадан жұмыстан шығарып жіберді
Лондонда 24 жастағы Эмма Халс өзін жұмыстан шығарып жіберген басшысына реніш білдірді.
Бұл туралы Daily Mail хабарлайды.
Оны басшысы жұмысқа қабылдай салысымен 5 минуттан соң шығарып жіберген. Ағылшын қызы UNIT TV компаниясында телебағдарламалар өндірісінде фрилансер қызметкер ретінде жұмысқа қабылданған. Алайда бастығы бес минуттан соң сенің орның сән әлемінде деп, жұмыстан босатыпты.
Эмманың айтуынша, ол сол күні жұмысқа өзгелер секілді қарапайым киініп келген. Бұған дейін жұмыс берушілермен сырт келбетіне байланысты ешқандай түйткіл де туындамаған екен.
Ал жұмыс беруші болса, Эмма Халстың жұмыс сапасы ұнамағанын айтыпты. Қыз компанияда үш ай сынақ мерзімінен өткен.
Оқи отырыңыз:
Қытайлық зейнеткер жынысын ауыстырып 72 жасында әйелге айналды
Америкалық әйел күйеуі мен үлкен қызының төсектес болып жүргенін кездейсоқ біліп қалды
Ер адам сүйіктісіне өзгелермен секспен айналысуға рұқсат берген (фото)
Күйеуінің көңілдес әйелге барып жүргенін келіншек Uber қосымшасы арқылы біліп қойды