Лондон тұрғындары шалбарсыз метроны аралады (фото)
Лондон қаласында жыл сайын қала тұрғындары ерекше шара ұйымдастырады. Дәлірек айтсақ, Жаңа жылдың алғашқы жексенбісінде метроны шалбарсыз аралайды. Алайда бұл жылы шара көтеріліс болып жатқан уақытпен дәлме-дәл келіп қалды.
Бұл туралы Тһе Daily Mail басылымы хабарлайды.
Дәл осыған ұқсас оқиға 20002 жылы Нью-Йоркте болған-ды. Бүгінде британиялықтар шалбарларын шешіп, метроға жиналды. Олар Лондондағы метрополитеннің алдында көтеріліс ұйымдастырды. Дүйсенбі күні көптеген жаяу жүргінші жұмыстарына жете алмай қиналды. Олардың саны шамамен – 9 000- 10 000.
Қыс мезгілінде британиялықтар үстілеріне қалың күрте, бас киім, мойынорағыш, аяқтарына шұлық пен етік киген. Ал шалбарлары мен белдемшелері туралы ұмытып кеткен сыңайлы. Бейбіт қала тұрғындары жартылай жалаңаш адамдардың Лондонның орталығында Патша станцияларында да жүргендерін көрген.
“Біз бұл шараны сегіз жылдан бері ұйымдастырып келеміз. Жылдың алғашқы жексенбісінде метрода саяхаттап, түрлі көрініс көрсетеміз. Жұртты күлдіреміз. Ал олар күлгенде, біз бақытты боламыз. Біз ұйымдастырған шараның тәулік бойы жүргізіліп жатқан көтеріліске ұласқаны дұрыс болмады”, – дейді шараның ұйымдастырушысы Иван Маркұлы.
Былтыр бұл шараға 300 адам қатысқан болатын. 2001 жылы Нью-Йоркте басталған шара артынша Мехико, Торонто және Лондон аймақтарында өз жалғасын тапты.
Әдетте адамдар шалбарсыз түнгі сағат 3:00-де метроға барады.
Лондон метросына шабуыл бүгін кешкі мезгілде басталды. Метро 24 сағатқа жабылғандықтан, тұрғындар жұмысқа бара алмай қиналып жатыр. Лондон метрополитені мен British Airways қызметкерлерінің арасында түсініспеушіліктер орнаған екен.
Яғни қызметкерлер көптеген кассаның жабылып, өздерінің жұмыссыз қалуларына қарсы шыққан. Әзірге бұл мәселе шешімін тапқан жоқ.
Transport for London жолаушыларға бір тәулік бойы метроның істемейтіндігін айтып ескерту жасады. RMT ұйымының жергілікті мүшесі Джон Лич арада жүргізілген келіссөздердің сәтсіз аяқталғанын тілге тиек етті.
“Біз олармен бетпе-бет кездестік. Қалауларымызды бірнеше рет ашып айттық. Станция диспетчерлерінің барлығына қызметкерлер қоюыларын талап еттік. Нақтырақ айтқанда, 150 адам жұмыссыз қалмауы тиіс. Олар кеше бізбен келісімге келулері керек еді”, – дейді ол.
Жіберіп алмаңыз:
Әлемдегі басы ең үлкен баланың басынан 3,7 литр сұйықтық алынды (фото)
Марқұм иесін жоқтаған жылқы жұртты қайран қалдырды (фото)
Бір топ жігіт Ақшақар болып киінген қызтекені сабап тастады (видео)
Дәрігерлер өлімге қиған әйел қатерлі ісіктен 6 апта ішінде жазылған (фото)