Лиза Пылаеваның өлімі: Прокурор айыпталушыларды 15 жылға дейін соттауды сұрады
Алматының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында марқұм Лиза Пылаеваның ісі бойынша жарыссөз басталды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: facebook.com/larikovigor
Жарыссөз кезінде мемлекеттік айыптаушы Мәлік Әшенов сөз сөйледі. Ол айыпталушы, Лизаның әпкесі Ольга Шмакованы 15 жылға, әжесі Леонарда Рыжакованы 4 жылға, бағбан Ухтам Махмудовты 8 жылға бас бостандығынан айыруды сұрады.
Іс Қылмыстық кодекстің 99-бабы, 2-тармағының 14-бөлігі ("Кісі өлтіру"), 420-бабының 2-бөлігі ("Көрінеу жалған айғақтар, сарапшының, маманның қорытындысы немесе дұрыс аудармауы"), 432-бабы ("Кісі өлтіру") бойынша қаралып жатыр.
- Ольга Шмакова ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабы 2-бөлігінің 14-тармағы ("Адам өлтіру") бойынша айыпталып отыр.
- Леонарда Рыжаковаға қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 420-бабының 2-бөлігі ("Көрінеу жалған айғақ беру, сарапшының, маманның қорытындысы немесе дұрыс аудармау") бойынша іс қозғалды.
- Ал Ухтаб Махмудовға ҚР Қылмыстық кодексінің 432-бабы және 420-бабының 2-бөлігі ("Қылмысты жасыру") бойынша айып тағылды.
Еске салайық, Лиза Пылаева 2019 жылы нағашыларының үйінде жүріп жұмбақ жағдайда қайтыс болған еді. Сот отырысында Лизаның әжесі Алла Пылаева өзіне және ұлына таныстары арқылы ақша ұсынғандар болғанын мәлімдеді.
"Терезеге телміріп, жүруді армандадым": 10 жыл төсекке таңылған марафоншы ауруды қалай жеңгенін айтты
Ауырып жатсам да, қиындыққа сынған жоқпын
"Ит пен мысықты өлтіруге қарсымыз!": Қазақстандықтар қаңғыбас жануарларға эвтаназия жасау туралы заң жобасына қарсы шықты
Тұрғын: "Қоғамның деңгейі оның жануарларға деген қарым-қатынасынан көрінеді"