Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Бүкіл айып жеке мотивтен, өтіріктен құралды": Лиза Пылаеваны өлтірді деп айыпталған әпкесі сотта соңғы сөзін айтты

Алматының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында марқұм Лиза Пылаеваның ісі бойынша жарыссөз аяқталып, айыпталушы соңғы сөзін айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Видеодан скриншотВидеодан скриншот

Бүгінгі отырыста айыпталушы, Лизаның әпкесі Ольга Шмакова соңғы сөзін айтты.

“Мені осында алып келген трагедиялық оқиғадан соң біздің отбасымыздың өмірі күрт өзгерді. Өзгеше болған оқиға мені Лизаның жақсы көретін адамынан оған қастандық жасаған адамға айналдырды. Ол менің кішкентай сіңілім, өз балаларым сияқты қымбат адамым. Мен Лизаға қамқор болдым, оны жақсы көрдім, оған қандай да бір зиян келтіру деген ой келуі мүлдем мүмкін емес еді. Бірақ мені есеңгіреткен дерек: осы жерде тұруым және кінәсіз екенімді дәлелдей алмай осы сотқа қатысуым”, – деді ол.

Ол кейінгі бес жыл уақыты күреспен өткенін айтты. Сөзінше,  Сөзінше, бүкіл айыптау дәлелденбеген және болмаған деректерге құрылған. 

Жарты жыл бойы біз осы істің бүге-шүгесімен таныстық. Маған қатысты айыптаулар сол күйі Лизаға деген жеккөрушілікті, қызғанышты, немқұрайлы қарым-қатынасты дәлелдеген жоқ. Осы сотта орныққан бір ғана ақиқат бар. Ол – менің Лизаны шын жүрегіммен жақсы көргенім және оған ешқандай жамандық істемегенім, оны өлтірмегенім. Ешқандай да қысым және жол апаты болған емес. Бүкіл айып фантазия мен жеке мотивтен, айыптаушының өтірігінен туды. Бұрын мен аңқау болып, қазіргі заманда әділдік болады деп ойлайтын едім. Бірақ осы іске қатысты болып, көзім ашылды. Бірінші рет мен осындай әділетсіздіктің құрбаны болдым. Үлкен жүйенің алдында мен сияқты адам қалай әлсіз болатынын өз тәжірибемде көрдім. Тіпті айқын көрініп тұрған дәлелдер болса да өзіңнің кінәлі емес екеніңді дәлелдеу өте қиын екен. Трагедиядан кейінгі бес жыл күреспен өтті”, – деді айыпталушы Ольга Шмакова.

Ол қоғамдық резонанс тудырды деп “Немолчи” қорының жетекшісі Дина Тәңсәріні және Дана Орманбаеваны кінәлады. Ольга Шмакова ендігі кезекте істің барлық мән-жайын желіге жариялап, көрсетпек.

“Менің осы жерде тұруыма қоғамдық резонанс көп әсер етті. Бұл резонансты жәбірленуші тарап пен “Немолчи” қорының негізін қалаушы Дина Таңсәрі және Дана Орманбаева көтерді. Бұл адамдар әлеуметтік желіде қолдан жасалған маған қатысты жеккөрінушілік тудыратын деректер жариялады. Адамдардың ойын агрессивті түрде манипуляциялады, дәлелденбеген нәрселер жариялады. Тергеу қоғамдық талқылау мен жәбірленуші тараптың салдарынан үлкен қысымға ұшырады. Соның кесірінен көп адам соларға сенді. Бірақ қазір іс толығымен сотта қаралған соң бұл туралы айтуға мүмкіндігіміз бар. Біз осы іс қалай көрсетіліп жүргенін көрсетуге барымызды саламыз. Ешкім қоғамның ойын манипуляциялай алмас үшін, желіге істің бүкіл мән-жайы жарияланады”, – деп қосты ол.

Судья Бәкірбаев Б.Е үкім 8 қыркүйекте шығатынын хабарлады.

Айта кетейік, бұл іс бойынша мемлекеттік айыптаушы Мәлік Әшенов айыпталушы, Лизаның әпкесі Ольга Шмакованы 15 жылға, әжесі Леонарда Рыжакованы 4 жылға, бағбан Ухтам Махмудовты 8 жылға бас бостандығынан айыруды сұрады.

Іс Қылмыстық кодекстің 99-бабы, 2-тармағының 14-бөлігі ("Кісі өлтіру"), 420-бабының 2-бөлігі ("Көрінеу жалған айғақтар, сарапшының, маманның қорытындысы немесе дұрыс аудармауы"), 432-бабы ("Кісі өлтіру") бойынша қаралып жатыр.

  • Ольга Шмакова ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабы 2-бөлігінің 14-тармағы ("Адам өлтіру") бойынша айыпталып отыр.
  • Леонарда Рыжаковаға қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 420-бабының 2-бөлігі ("Көрінеу жалған айғақ беру, сарапшының, маманның қорытындысы немесе дұрыс аудармау") бойынша іс қозғалды.
  • Ал Ухтаб Махмудовға ҚР Қылмыстық кодексінің 432-бабы және 420-бабының 2-бөлігі ("Қылмысты жасыру") бойынша айып тағылды.

Еске салайық, Лиза Пылаева 2019 жылы нағашыларының үйінде жүріп жұмбақ жағдайда қайтыс болған еді. Сот отырысында Лизаның әжесі Алла Пылаева өзіне және ұлына таныстары арқылы ақша ұсынғандар болғанын мәлімдеген.

Талқылау