"Ливерпуль" жейдесін кигені үшін автобус жүргізушісі жұмыстан қуылған
Фото: idman.biz
Ағылшынның "Ливерпуль" клубының жанкүйері сүйікті командасының жейдесін киіп жұмысқа барғаны үшін жұмыстан қуылды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Оқиға 4 қазан күні Лондонда "Челси" мен "Ливерпуль" арасындағы матч (2:1) өтетін күні болған. Исаак есімді 21 жастағы жігіт "Ливерпульдің" жанкүйері және қаладағы автобус жүргізушісі. Алайда оның клуб жейдесін киіп рөлге отырғаны жергілікті "Челси" фанаттарының ашуын туғызған. Ашу үстіндегі жанкүйерлер автобусты қоршап, терезелерін ұра бастаған.
"Бейнежазбада бұл күлкілі көрінуі мүмкін, бірақ сол сәтте расында қорқынышты болды. Олар автобусты толықтай қоршап алды, есіктерді жауып, полиция келгенше күтуге мәжбүр болдым. Тек содан кейін автобусты техникалық қызмет көрсететін орынға айдап әкеттім", – деді Исаак Daily Mail-ге берген сұхбатында.
Бірақ компания басшылығы оның бұл әрекетін кәсіби этиканы бұзу және рейстің кешігуіне себеп болды деп санап, жүргізушіні жұмыстан босатты.
Айта кетейік, Чемпиондар лигасының топтық кезеңінде "Ливерпуль" екі турдан кейін 3 ұпай жинап, турнир кестесінде 17-орында тұр.
Команда алғашқы матчта мадридтік "Атлетико" клубын (3:2) жеңіп, екінші ойында түріктің "Галатасарайынан" (0:1) жеңілді. Сондай-ақ жуырда түрік "Галатасарайының" неміс шабуылшысы Лерой Сане бұрынғы командасы мюнхендік "Бавария" жанкүйерлерімен сөзге келіп, төбелесіп қалған еді.
Ал каталондық "Барселонаның" жас вингері Ламин Ямалдың агенті ықпалды Жорже Мендеш футболшыны Еуропаның жетекші клубтарына ұсына бастаған. Осы уақытта америкалық "Интер Майами" қорғаушысы, әйгілі испан футболшысы Жорди Альба мансабын аяқтауға шешім қабылдады.

"Тиіндерді өлтіресіздер": Алматылықтар әкімдіктің егеуқұйрықтарды улау шарасына наразы
