Ливанда рациялар жаппай жарылып, тағы 20 адам опат болды
Ливанда байланыс құралдары жарылуы салдарынан 20 адам қаза тауып, 450-ден астам адам жарақат алды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі CNN басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Фото: Видеодан скрин
Ливан қауіпсіздік қызметінің мәліметінше, 18 қыркүйекте болған жарылыс кезінде рациялар сөнген.
"Бейруттың оңтүстік бөлігі мен Ливанның оңтүстігінде тағы да 15-20 жарылыс болды. 17 қыркүйекте жарылған рациялар пейджерлер сияқты кеңінен қолданылмайды. Олар тек жерлеу және шерулер сияқты көпшілік шараларды ұйымдастырғанда таратылады", – делінген хабарламада.
#BREAKING: Hundreds of fresh explosions being reported across Lebanon, 24 hours after over 4000 pagers exploded killing 12 and injuring over 3000 Hezbollah terrorists. Fresh explosions are now taking place in hand-held Walkie-Talkie VHF sets used by Hezbollah terrorists. pic.twitter.com/oVLpMLcIxD
— Aditya Raj Kaul (@AdityaRajKaul) September 18, 2024
Жарылыстардың біреуі Хезболла ұйымдастырған жерлеу рәсімінің жанында болған.
"Шетелде күрделі операцияларды ұйымдастырып жүрген Израильдің Моссад агенттігі 17 қыркүйектегі жарылыстан бірнеше ай бұрын Хезболла әкелген пейджерлерге жарылғыш заттарды орнатқан", – деп хабарлады ливандық қауіпсіздік қызметі.
Айта кетейік, бұған дейін Ливанда Хезболла мүшелерінің 5 мыңға жуық пейджері жарылып, сегіз адам қаза тапқаны туралы жазған едік. Тағы 3 мыңға жуық адам жарақат алған. "Хезболланың" анонимді өкілдері құрылғылардың жарылуын Израиль әскери күштерінің кибершабуылынан көріп отыр. Пейджерлердің жарылысы туралы хабар Ливанның оңтүстігі мен Бейруттың Оңтүстік аймақтарынан келген. Жарылыстың барлығы бірдей уақытта болған. Сондай-ақ 30 минутқа дейін жарылыс дауыстарын естіген.