Лихтенштейн құрамасында 4 кәсіпқой футболшы ғана болса да, Қазақстан ойыншыларынан алаңда көп жүгірді
Футболдан 2026 жылғы әлем чемпионатының іріктеу кезеңінде Қазақстан құрамасымен өткен ойыннан кейін Лихтенштейн командасының бас бапкері өз пікірін айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: Getty Images
Қарсылас команданың бас бапкері Конрад Фюнфштюк Қазақстан құрамасы жеңіске жетсе де бұл ойында нашар ойнағанын айтты.
“Қазақстан жеңіске лайықты болды, бірақ біздің құрама да ойында жақсы баға алуға лайықты. Лихтенштейн құрамасында тек 4 футболшы ғана кәсіби ойыншы, ал қалғандары әкесқойлар. Олар футболды қатты жақсы көреді, бірақ негізгі жұмыстары басқа. Бүгін менің ойыншыларым алаңда 114 шақырым жүгірді, ал қазақстандықтар 107 шақырым жүгірген. Демек, әуесқой жігіттер Қазақстан құрамасындағы кәсіпқой футболшыларға қарағанда көп жұмыс атқарған. Командадағы 4 кәсіпқой ойыншының барлығы қорғаныста ойнайтын жігіттер,” – деді өз сөзінде Фюнфштюк.
Айта кетейік, футболдан Қазақстан ұлттық құрамасы сырт алаңда Лихтенштейн командасын 2:0 есебімен ұтқан еді. Ойында Максим Самородов пен Александр Марочкин гол соқты. Бұл Қазақстанның әлем чемпионатындағы іріктеу ойындарында 11 жылдан кейін жеткен жеңісі болатын.