Лифтте бес жасар баланы пышақтаған жасөспірімді психдиспансер қызметкері соққыға жыққан: Орталық жағдайды растамады
Астанада лифтте бес жасар баланы пышақтап тастаған шизофрениямен ауыратын жасөспірімді психдиспансер қызметкері соққыға жыққаны туралы ақпарат тарады. Астана психикалық денсаулық орталығы оқиғаға түсініктеме берді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: Видеодан скриншот/Яндекс карта
Шизофрениямен ауыратын бала анасына оны соққыға жыққанын айтып шағымданған. Ал ерекше баланың анасы 102-ге хабарласқан. Полицейлер ауруханаға жеткенде, кезекші дәрігер мен медбике науқасты қарап, әңгімелесіп, анасының келісімімен фотоға түсірген. Алайда дене жарақаттары табылмады.
-
Астанадағы лифтте пышақ жарақатын алған 5 жасар баланың өмірін дәрігер көршісі құтқарып қалған
-
Лифтте балаларға шабуыл жасаған астаналық жасөспірімнің қазір қайда екені белгілі болды
"Терісі таза, терінің тұтастығы бұзылмаған, науқас көрсеткен жерлерде гематомалар мен ісінулер анықталған жоқ", – деп хабарлады орталық.
Бұл іс бойынша сот-медициналық сараптама жүргізіліп, қорытындысы кейінірек белгілі болады.
Еске салсақ, бұған дейін Астанада жасөспірім 5 жасар баланың бетін пышақпен тілгілеп тастағаны туралы жазған едік. Кейіннен осы жасөспірімнің лифтте тағы бір қызға шабуыл жасамақ болғаны анықталды. Астана полициясы шабуыл жасаған жасөспірімнің оқшауланатынын хабарлады. Кейін баланы психдиспансер қызметкері соққыға жыққаны туралы ақпарат тарады.