Лифт түймесіне түкірген қазақстандық айыппұл арқалады
Фото: Ақтөбе облысы ПД
Ақтөбеде көпқабатты үйдің лифтіндегі түймелерге түкірген ер адамға 10 АЕК мөлшерінде айыппұл салынды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Ақтөбеде көпқабатты үйдің лифтіндегі түймелерге түкірген ер адамға қатысты іс аяқталды. Әкімшілік құқықбұзушылық бойынша мамандандырылған аудандық сот оның әрекетіне қатысты шешім шығарды.
Ер адамның лифтте түкірген сәті бейнебақылау камерасына түсіп, қала тұрғындарының ашуын тудырған. Әлеуметтік желі қолданушылары оны лифт пен кіреберістерді жууға, көшені тазалауға жіберуді, тіпті 15 тәулікке қамауды талап еткен.
Полицейлер құқықбұзушыға қатысты ӘҚБтК-нің 434-бабы 2-бөлігі бойынша – қоғамдық орындарды ластағаны үшін хаттама толтырды. Сот материалдарында ер адамның кінәсі бейнежазба, өз түсініктемесі және басқа да құжаттар арқылы толық дәлелденгені көрсетілген. Ол кінәсін мойындап, жасаған ісіне өкініш білдірді.
Сот қаулысымен азаматқа 39 320 теңге айыппұл салынды. Соттың баспасөз қызметі шешімнің әзірге заңды күшіне енбегенін хабарлады.
Айта кетейік, бұған дейін СҚО полиция департаментінде егіз әпкелер қызмет ететіні хабарланған еді.
Алматы әкімдігі тұрғындардың наразылығын тудырған эстакадаға қатысты суретке түсініктеме берді