Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Лидо ана махаббатынан айырылған сәбилерге көмектесуге шақырды

Лидо Досалина желідегі аналарды сәбилерге көмектесуге шақырды. Осы орайда, флешмоб бастап, оны жалғастыруды ұсынды.

18380366_1119514458194699_8951662518695100416_n

Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.

«Желідегі достарымның арасында тамаша аналардың көп екенін білемін. Қымбатты аналар, мен флешмоб ұйымдастырып, сіздерді ана махаббатынан айырылған сәбилерге көмектесуге шақырамын. Флешмобқа қатысу үшін парақшаңызға балаларыңызбен түскен суретіңізді салып, тұсына #pamperskz_счастливыйсон хэштегін жазыңыз. Сіздің әрбір суретіңіз сәбилер үйіне бір жөргек сыйлайды. Жақсылық жасау өте оңай. Рахмет!» – дейді Лидо.

Желідегілер өз кезектерінде әншінің бастамасын қоштай түсті. «Жарайсың, қымбаттым», «Бояуыз да сұлу екенсің ғой», «Біз екі егізімізбен бірге сіздің бастамаңызды қолдаймыз. Сен өте ақылды жансың!», «Жақсы көремін өзіңізді», «Алла сізге ұзақ ғұмыр берсін», «Үшеуі де әкелеріне ұқсайды екен» деп жазады олар.


Жіберіп алмаңыз:

Құралай Нұрқаділова әкесінің басынан өткен бір оқиғаны айтып берді

Аяғын сындырған Жазира Байырбекова жүре бастады

Нұртас Адамбай Головкиннің командасына ол туралы кино түсіргісі келетінін айтып өтініш білдірді

Есентаева өзіне майонез жарнамалауды ұсынғандар туралы айтып күлді

Талқылау