ЛГБТ-ны насихаттауға тыйым салу туралы заң: Қазақстандықтар қандай әрекеті үшін жазаланады

Фото: Ru.freepik.com
2026 жылы Қазақстанда ЛГБТ-ны насихаттауға және бұл тақырыпты оң бағалауға қатысты тыйым ресми түрде күшіне енеді. Мәдениет және ақпарат министрлігі қандай әрекеттердің насихат болып саналатынын түсіндірді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Tengrinews.kz порталына сілтеме жасап хабарлайды.
“Дәстүрлі емес жыныстық көзқарасты насихаттау – дәстүрлі емес жыныстық көзқарас және оған бейімділікті көпшілік алдында немесе бұқаралық ақпарат құралдары, телекоммуникациялық желілер немесе онлайн платформалар арқылы тарату. Сондай-ақ белгісіз аудиторияға мақсатты түрде бұрмалау арқылы, қоғамда оң көзқарас қалыптастыру”, – деп түсіндірді еліміздің Мәдениет және ақпарат министрлігі.
Ведомствоның мәліметінше, енді “дәстүрлі емес жыныстық көзқарасты дұрыс деп көрсету” ЛГБТ-ны насихаттау деп қарастырылады. Алайда егер контентте тек мысалдар, статистика және сол сияқты ақпарат болса, онда оны таратқан адам жауапқа тартылмайды.
Сонымен қатар көптүсті элементтерді қолдануға болады, бірақ оның идеологиялық мәні болмауға тиіс.
“Тыйымның кемпірқосақ символикасын қолдануға қатысы жоқ. Әңгіме белгілі бір идеологияны насихаттау үшін қолданылатын нақты символика мен атрибутикада. Киімде, аксессуарларда көптүсті элементтерді идеологиялық контекстсіз пайдалану бұзушылық болып саналмайды”, – делінген хабарламада.
Білім беру және ғылыми материалдарға қатысты министрлік түсініктеме берді. Әдебиетте ешқандай насихат болмауы керек, әйтпесе “мұндай контентті” ғылыми немесе білім беру саласына жатқызуға тура келеді.
“Әрине, ғылыми және білім беру контентінде дәстүрлі емес жыныстық көзқарасқа қатысты мысалдар, фактілер, сандар, статистика және сол сияқты ақпарат келтірілуі мүмкін. Оған тыйым салынбайды. Бірақ тікелей немесе жанама насихат болмауы керек”, – деп нақтылады министрлік.
- Қазақстанда ЛГБТ-ны насихаттағандарға қандай жаза қолданылатыны белгілі болды
- "ЛГБТ-ға жату құқықбұзушылық болып есептелмейді": Әділет министрлігі жаңа заңға пікір білдірді
Фильмдерге келсек, Қазақстанда дәстүрлі емес жыныстық көзқарасқа немесе порнография көріністері бар фильмдерді көрсетуге тыйым салынады. Егер мұндай туындылар насихат деп танылса, олардың иелеріне прокатқа шығару лицензиялары берілмейді.
ЛГБТ-ны насихат үшін әкімшілік жауапкершілік қарастырылған. Мұндай контентті таратқандарға да жаза қолданылуы мүмкін.
“Репост жасау таратумен теңестіріледі, сондықтан құқыққа қарсы контентті репост жасағандар да жауапқа тартылады”, – делінген хабарламада.
Бұзушылықтар азаматтардың өтініштері мен шағымдары бойынша анықталады. Содан кейін материалдарды құқық қорғау органдары қарастырады.
Әр жағдай бойынша соңғы шешімді сот шығарады.
Еске салайық, Тоқаев "ЛГБТ-ны насихаттауға тыйым салу” туралы заңды мақұлдап, қол қойды.
Жаза көпшілік алдында ЛГБТ-ға қосылуға шақырған жағдайда ғана қарастырылған.
"ЛГБТ-ны насихаттау" және педофилия үшін жауапкершілік көзделген: алғашқы құқықбұзушылық үшін – 20 АЕК (78 640 теңге) айыппұл, қайталап жасалған жағдайда – 40 АЕК (157 280 теңге) немесе 10 тәулікке дейін қамауға алу жазасы қарастырылады.
ЛГБТ туралы заңда оның ресми түрде тек қоғамдық кеңістікке қатысты екенін және балалар мен жасөспірімдерді зиян контенттен қорғауға бағытталғанын атап өту қажет.
Бұл адамдардың өзге болмысына өмір сүруіне тыйым салу емес екені және жеке өмірге араласу болып саналмайтыны айтылған.
Заң бұқаралық ақпарат құралдарында, интернетте және онлайн платформаларда белгілі бір ақпараттың таралуын шектейді. Мақсат – балалардың денсаулығы мен дамуына зиян келтіруі мүмкін контенттен, соның ішінде педофилия мен дәстүрлі емес жыныстық бағдарды насихаттаудан қорғау.
"1,5 келілік сәби жансақтау бөлімінде": Таиландқа демалуға барып, босанып қалған қазақстандық әйел елден көмек сұрады