Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Левиттің алтын медалін «сыйға» алған ресейлік боксшы Путиннің күзетшісі болып шықты

Рио Олимпиадасында «алтын» алған боксшы Евгений Тищенко президент күзетінің қызметкері болып шықты. Сонымен қатар Ресей Федеральды күзет қызметінің (ФКҚ) Спорт клубы атынан өнер көрсеткен. Ведомстводағылар Тищенконың спортшы ретінде қалыптасуына Ішкі істер министрлігі күш салғанын айтады. Кейін ол әскерге кетіп, сол жерден ФКҚ-ға шақыртылған, деп жазды Дни.ру.

тищенко

«Қайда қызмет істейтінін өзі әлі түсінбеген секілді. Бразилияда берген қысқа сұхбатында полицияданмын деді. Олимпиададан кейін сапқа, яғни ФКҚ бөлімшесіне қайта оралады. Ал қызметі аяқталғаннан кейін әрі қарай не істейтінін өзі шешеді», – деді ведомство өкілі басылымға берген сұхбатында.

Тищенко бокспен бесінші сыныптан бастап шұғылданған. Мектепте жүрген жылдары Оңтүстік федеральды округі біріншілігінде жүлделі орынды иеленіпті.

Естеріңізге сала кетейік, Евгений Тищенко Олимпиаданың ақтық сынында отандасымыз Василий Левитпен жұдырықтасып, 3:0 есебімен жеңіске жеткен болатын. Жекпе-жектің нәтижесі белгілі бола салысымен залдағы көрермендер ресейлік боксшының жеңісіне наразылық білдірді. Кейінірек Халықаралық олимпиада комитеті төрешілердің шешімі әділ болғанын мәлімдеді.

Талқылау