Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ләйлә Сұлтанқызы танымал тележурналист пен әзілкешті сотқа берді

Танымал тележүргізуші Ләйлә Сұлтанқызы тележурналист Бибігүл Дәулетбекқызы мен әзілкеш Нұрболхан Шараповты сотқа берді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап. 

Ләйлә

Сурет: желідегі парақшаларынан

Адвокаттардың айтуынша, Ләйлә Сұлтанқызы әлеуметтік желіде өзіне қатысты жалған мәліметтер тарап, ар-намысы мен қадір-қасиетін қорлайтын сөздер жазылғаны үшін сотқа жүгінуге мәжбүр болған. 

"Конституцияның 17-бабына сәйкес адамның қадір-қасиетіне қол сұғылмайды. Жеке адамның қадір-қасиеті жеке адамның ар-намысы мен қадір-қасиетін қорлайтын іс-әрекеттер үшін жауапкершілікті көздейтін қылмыстық кодекстің нормаларымен қорғалады. Олардың ішінде жала жабу және адамды қорлау. Егер бұл адамның "пікірі" болса, онда ол басқа адамның ар-намысы мен қадір-қасиетін қорлайтын шеңберден шықпауы тиіс", - деді Ләйлә Сұлтанқызының қорғаушылары. 

Тележурналист Бибігүл Дәулетбекқызының адвокаты – Айман Омарова. Ол Facebook желісіндегі парақшасында аталған іс бойынша соттың өз жұмысын 5 қыркүйекте жалғастыратынын хабарлады. 

Талқылау