AAPL
140.52 $
0.11 %
TSLA
658.8 $
4.88 %
NDAQ
147.5 $
0.59 %
GOOGL
2116.1 $
-0.16 %
FRHC
40.13 $
0.96 %
AAPL
140.52 $
0.11 %
TSLA
658.8 $
4.88 %
NDAQ
147.5 $
0.59 %
GOOGL
2116.1 $
-0.16 %
FRHC
40.13 $
0.96 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ләйлә Сұлтанқызы: Неге біз өзімізден аяған қымбат пен әдеміні қайын жұртқа сыйлаймыз, бала мен күйеулерімізді ойлаймыз?

Ләйлә Сұлтанқызы өзіне көңіл бөлмейтін әйел психологиясы жайлы жазба жариялады. Тележүргізуші өзін соңғы орынға қоятын қазақ әйелдеріне риза емес. Бұл өзін құрметтемеудің белгісі деген пікірде. 

Тележүргізуші қазақ әйелдерінің баласы мен жолдасы, қала берді туысы мен қайын жұртының қамын ойлап қана өмір сүретініне наразы. Сұлтанқызы өзін соңғы орынға қойып, өзінің көңіл күйі үшін ешнәрсе жасамайтын әйелдерге кеңесін айтты.  

“Бізде қазақ әйелдерінде өзін өзі бағаламау басым. Бұл өзін құрметтемеудің белгісі ме, әлде басқаны ойлау ма, білмеймін. Үнемі баласын ойлайды, күйеуінің жағдайын жасайды. Жайлы орын болса, күйеуіне іздейді. Үйіндегі ең дәмді тағамды қонағына сақтайды.

Әдемі заты болса, оны жақындарына немесе қайын жұртына береді. Сонда өзін қашан ойлайды? Өзі қашан әдемі болып жүреді? Әйелге қашан кезек келеді? Өз денсаулығы, өмірі, келбеті маңызды емес пе? Біздің қазақ әйелдерінің психологиясы осындай. Ондайды қою керек. Әйел өзін жақсы көру керек. Сіздер қалай ойлайсыздар?”, –деп жазды Ләйлә Сұлтанқызы. 

Желі қолданушылар оның өзін толығымен қостай жөнелді. Енді бірі әйел табиғатының ерекшеліктерін айтып жатыр. 



“Әрбір әйел Ана ғой! Ал ананың жүрегі шексіз мейірімге толы болады екен, оны да өзіміз ана болғанда сезіндік. Сөйтіп, балама, жарыма, жақындарыма деп жүргенде өзін ұмытып кетіп жатады. Бірақ айналаңда сені ойлап жатқан ешкім жоқ, бірақ адам бар, ол тағы да озіңнің анаң ғана. Сөйтіп, жалғасып аналар өзін ұмытып кетіп жатады. Ана туралы жазып кеттім бе? Бірақ шын ғой”.

“Толықтай келісемін. Дұрыс айтасыз. Менің өзім сондаймын. Қазір ғана сіздің постыңызды оқып отырып ойланып қалдым. Бар жақсыны басқаларға деймін. Ал, өзім ше? Солай уақытта өтіп жатыр екен. Кезегім қашан келеді деп те ойламайды екенмін. Өйткені солай қалыптасып кеттім. Өзімді бағаламаймын. Сондықтан осы жүдеу қалыпта жүр екенмін”.

“Отасқанымызға 26 жыл болғанда жолдасым айтатын болып келеді “өзіңе де алып алсай, сенікі тозайын депті” деп. Бұл да болса еңбектің қайтқаны”, “Қазақ әйеліне тән қасиет қой”, “Адамға өмір бір рет ғана беріледі. Сол өмірді барынша пайдалы, сапалы, адал еңбекпен табылған несібеңе неге пайдаланбасқа деп өзім талап қойдым. Сосын осы күзгі демалыста курортқа кеттім”, – деп жазды желідегі қыз-келіншектер. 

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр