Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ләйлә Сұлтанқызының екінші кітабы жарыққа шықты

Ләйлә Сұлтанқызының шығармашылығында кезекті белес! Танымал тележүргізуші “Әйел” деп аталатын екінші кітабын жарыққа шығарды. Әйелдер қауымының сансыз сауалына жауап ретінде жазылған туынды әзірге Астана дүкендерінде ғана сатылуда, деп хабарлайды Stan.kz.

“Мен күніне 23:00-00:00 аралығында жоқ дегенде 10-15 xатты оқып, бағыты бойынша ұжым болып шешуге тырысамыз, болмай жатса көмегі тиеді-ау деген адамдарға жіберемін. Ал, қаншама қыз-келіншектерден өз басындағы жағдайды баяндаған хаттар көбеймесе азаяр емес.

Осы жаңа кітапбымда 123 әйелдің сұрағына арнайы мамандардың кеңесі, өмірде кездесетін оқиғалар мен сан қилы тағдырлар жазылды. Қолыңыздағы “Әйел” (кітап) жасырғанымызды бүкпесіз баяндайды”, – деп қуанышымен бөлісті Сұлтанқызы.

Сұлтанқызы 100-ден аса әйелдің сұрағаны жауап беру үшін білікті мамандардың көмегіне жүгінгенін айтады. Айтуынша, олардың қатарында еліміздегі “ең” деген псиxолог, гинеколог, маммолог, сексолог мамандар бар.

“Көмек сұрай xат жазған 123 әйелдің басындағы жайт қоғамда кең етек алғандықтан, бірін аурудан айықтырып, екіншісін псиxологиялық қолдап, басқасын суицидтен сақтап қалсын деген ниетпен ұсынып отырмыз. “Ләйлә апай…” деп xатын бастайтын қаракөз қыздарымызға жеке-жеке жауап беру мүмкін болмаса да, үнсіз қалғым келмеді”, – деп түсіндірді Сұлтанқызы.

Бізбен бөлісетін қызықты жаңалығыңыз, оқиғаңыз болса Stan.kz сайтының WhatsApp номеріне жолдаңыз: +77021152981

Жіберіп алмаңыз:

Отандық әнші Аша Матайды құттықтау үшін эфирге Халк образында кіріп келді (видео)

Дана Нұржігіт кезінде Төреғалиді таныту үшін жұмыс істегеніне өкінетінін айтты

Қарияға дөрекілік көрсеткен Төреғалиді белгілі журналист сынап тастады

Қарияны залдан қуғаннан кейін басы дауға қалған Төреғалиге әнші Бүркіт араша түсті

 

Талқылау