Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ләйлә Сұлтанқызына қолдау білдірген Есболат Беделхан халықтың жауыздығына қайран қалды

«Орда» тобының әншісі Есболат Беделхан тележүргізуші Ләйлә Сұлтанқызына қолдау білдірді. Одан бөлек, шындықты ашық айтқаны үшін тележүргізушіні сынаған халықтың жауыздығына қайран қалды.

коллаж лейла есболат

«Кейбір шындықтың шыққаны, өршіген айқай-шуға қарамастан дұрыс екені білінеді. Сөзге, тіпті, соққыға қалған кінәсіздердің арқасында xалқымыздың жауыздығы көрініп қалды (бесінші нүктесі ашылды)» – деп жазды ол желідегі парақшасында.

Одан кейін Беделхан «халық маған сын тақса тақсын, алайда ащы шындықты айтып, өзекті мәселені көтерген Ләйлә Сұлтанқызына тиіспесін» деп жар салды. Анығында:

«Шашымды екі жаққа бөліп буған маған тиісе берсін, бірақ, жақсы, маманды, ащы тақырыптар болса да, бапты жүргізіп, өзін мәдениетті және маманды ұстайтын Ләйләға xалық керемет сөздер айтып кінә тақпаса дұрыс болады. Сол шығарылымда жүргізуші xаным, кейде асырып, кейде көбейтіп айтса да, бұл шоудың ұстанымы екенін білгендерің дұрыс. “Оай-баааай”, “Мәәәәә” деп жанындағы адамның шашын жұлып, диванды ұрудың қажеті жоқ» – деді.

Желі оқырмандары Есболаттың бастамасын қолдай кетті. Олар:

«Дұрыс айтасыз, керемет ақиқатты, өмірде болып жатқан шынайы оқиғаны айтатын жүргізушіні не болса соны айтып айыптап жатыр! Лайлə ханымды əрдайым қолдаймын», «Біздің халық өзіне қарамай жұрттан кемшілік іздеп, шұқылап, сосын не күліп не айыптап отырады! Үйлерінде жатып алып, күні-түні еңбектеніп жүргендерге сын таққыш әйтеуір! Надан», «Ләйлә ханым елдегі тағы бір өзекті мәселені көтерді, бұл қоғамда болып жатқан нәрсе, оған көзді жұмып, страус ұқсап басымызды құмға тыққанда шешілмейді. Оны талқыға салу керек, елге ой салу керек, мұны журналистер болмаса кім істейді?» – деп пікір білдірген.

Естеріңізге сала кетейік, жуырда “Әйел бақыты” бағдарламасы транссексуалдар мәселесін көтеріп, бағдарламаға жынысын ауыстырған трансвеститті шақырды. Одан кейін қазақстандық журналист Ләйлә Сұлтанқызын жұмыстан шығару керектігін айтып, бастама көтерді. Ол тіпті “Қазақстан  РТРК” АҚ Басқарма төрағасы Нұржан Жалауқызына хат жазған еді. Тележүргізуші де үнсіз қалмай, журналистке өз жауабын берді.

Жіберіп алмаңыз: 

Есболат Беделхан “оралман” сөзін “қандас” сөзімен алмастыруды ұсынды

Ерболат Беделхан 91 тобын сырт келбетіне қарап бағаламауға шақырды

Асхат Тарғын бұрынғы әйелімен қызғаныштың кесірінен ажырасқанын айтты

Ұстазы Мейрамбектің жастай «қайын ата» атануының себебін түсіндірді

Ақтөбеде атышулы Ninety one тобының концерті өтпей қалды

 

Талқылау