Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ләйлә Сұлтанқызы көзіне пластикалық ота жасатты

Телеэкран жұлдызы Ләйлә Сұлтанқызы көзіне пластикалық ота жасатты. Ол көзінің астынан артық терісін алдырған. Сұлтанқызы мұндай қадамға не үшін барғанын түсіндірді, деп жазады Stan.kz ақпараттық агенттігінің тілшісі.

Ләйлә Сұлтанқызы

Ләйлә Сұлтанқызы да “сұлулық құрбандықты талап етеді” деген ұранды ұстанады. Тележұлдыз тіпті, әдемілене түсу үшін пышақ астына түсуден қорықпайтын болып шықты. Айтуынша, хирургияға жүгінбеске оның амалы болмаған.

“Қорықпаңыздар, шошымаңыздар! Қыз-келіншектер арасында косметология, пластика тақырыбы өте өзекті екені өтірік емес. Қанша крем жақсаңыз да, спортпен айналыссаңыз да түзелмейтін нәрселер бар.
Хирургиялық жолмен ғана жөнге келетін ем түрлерін тек білікті маманға ғана тапсыру керек. Бүгін Алматыға келіп, маманнан кеңес алдым. Өйткені көзімнің астындағы грыжам үлкеюде, дискомфорт туғызуда.

Трансконъюктивальді блефаропластика (көз астындағы грыжаны алып тастау) жасап, алып тастамаса жылдан жылға өсіп мазаны алады деді. Қала берді, үнемі ауру адам сияқты көзің ісіп, асты көлкілдеп жүреді.
Бұл блефоропластиканың ерекшелігі – операция кезінде қабақтың терісі кесілмейді. Хирург отаны конъюктива арқылы жасайды, ол кезде қабақ терісіне зақым келмейді. 2 апта ішінде ісігі, кішкене көгергені кетіп, бәрі жөнге келеді. Көгерген демекші, бұл процедура тек маманның қолының ептілігі мен жеңілдігіне байланысты”, – дейді ол.

Сондай-ақ, Сұлтанқызы қазіргі қыздардың ерте бастан пластикаға жүгінетінін атап өткен.

“Мысалы, менің қасымда қазір 20 жасар қазақ қызы жатыр, күндіз бірнеше ота жасатыпты. Тыңдасаң, әдемі болу үшін неге жасамасқа дейді. Ал, бізге 40-тан асқанда “ақыл” кіріп жатыр. Қалжың ғой, жалпы, бет алды пластикаға жүгінген дұрыс деп есептемеймін, тек қажет болғанда ғана болмаса”, – деп ақталды ол.

 

Талқылау