Лавров Ресейдің Украинамен келісімге келуге дайын екенін мәлімдеді
Фото: Видеодан скрин
Ресейдің сыртқы істер министрі Сергей Лавров CBS News арнасына берген сұхбатында Мәскеудің Украинадағы жағдайды реттеу үшін мәмілеге келуге дайын екенін, бірақ нақтылау қажет бірнеше элементтер барын айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
“Меніңше, АҚШ президенті біздің дұрыс бағытта келе жатқанымызға сенеді. Президенттің мәлімдемесінде келісім жайлы айтылды және біз келісімге келуге дайынбыз. Бірақ кейбір нақты тұстар мен элементтерді нақтылап реттеу қажет. Біз дәл осы процеспен айналысып жатырмыз”, – деді Лавров.
“Дональд Трамп – Украина дағдарысының түпкі себептерін жою қажет екенін түсінетін әлемдегі жалғыз көшбасшы болуы мүмкін” деп болжам жасады Ресейдің сыртқы істер министрі.
Сондай-ақ Лавров Украинадағы бейбіт тұрғындарға қарсы шабуыл жасалды деген айыптауларды жоққа шығарды.
“Біз тек әскери нысандарға немесе әскерилер қолданып жүрген азаматтық нысандарға шабуыл жасаймыз. Егер нысандарды украиналық әскерилер қолданса, қорғаныс министрі оларға шабуыл жасауды бұйыруға құқылы, – деді сыртқы істер министрі.
Бұған дейін Путин Пасха мерекесіне орай шабуылды тоқтататынын мәлімдеген еді.

"Оқушылармен бір vibe-тамын": Желіде тренд түсірген мектеп директоры жұрттың ықыласына бөленді
