Лана Алматыдағы концертте омырауының көрініп қалғаны туралы айтты
Скрипкашы Лана сахнада болған қызықтары туралы айтып берді. Бір кездері Алматыдағы концертте оның омырауы көрініп қалған екен.
Бұл туралы “Экспресс К” басылымы хабарлайды.
Бүгінде Лана отбасымен бірге Мәскеуде тұрып жатыр. Ол 2000 жылдардағыдай сахнаға көп шықпайды. Десе де, халық оны бұрынғыдай сүйіп тыңдайды. Ол скрипканы Ванесса Мэйдей-ақ меңгерген-ді.
– Сіздің сахнадағы өнеріңізге қатысты түрлі аңыз бар. Мысалы, концерттердің бірінде омырауыңызды жалаңаштағаныз туралы айтып едіңіз…
– Есімде. Ол кезде Алматыда “Ақжол” түлектерінің фестивалінде топпен бірге ән салып тұрған едім. Концерт барысында продюсерім жаныма келіп: “Омырауыңды жап” деді. Артқа қарасам – үлкен экранда омырауым көрініп тұр екен… Кеудемді жаптым да, ары қарай ән айта бердім. Негізі, мен тыңдармандарымды жиі эпатаждаймын.
– Сол уақытты сағынатын кездеріңіз бола ма?
– Алла Пугачева бір кездері “Арлекиноны” айтып жұртты қайран қалдырған кездерін сағына ма? Әрине, 2000 жылдар мен үшін қызыққа толы кезең болды. Бұл әйелге оның жастық шағын сағынғаны туралы сұраумен бірдей. Әр уақыттың өз қуанышы бар. Мұнымен қатар, менен Алматыны сағынғаным туралы жиі сұрайды. Әрине, ол менің – Отаным. Ол қалада менің жақындарым мен достарым тұрады. Мәскеуде өзіндік ерекшеліктері үшін жақсы көріп кеттім.
– Алайда сұхбаттарыңыздың бірінде Ақтастың тісін көрсетіп үйренгені туралы айттыңыз…
– Бір шетінен Мәскеу мен Алматы бір-біріне қатты ұқсайды, бірақ менталиттеттері өзгеше. Ресей астанасы сенің кемшіліктеріңді көзге шұқиды. Бұл қаланы бағындыру үшін бір ғана талант жеткіліксіз – бұл жерде шыдамдылық пен табандылық маңызды. Жалқауланатын болсаңыз, орныңызға сізден де жақсы адам табылады. Ал Алматыда жағдай өзгеше. Адамдар бір-бірімен жанжалдаспайды.
– Сіздің ұлыңыз қазір бесте. Оған не себепті Георгий деген есім бердіңіз?
– Күйеуім екеуіміз әрбір әріптің өзіндік энергетикасы бар екені туралы бір жерден оқыдық. Адам атындағы “р” әрпі ер мінезділікті, “л” әрпі нәзіктікті еселей түседі екен. Георгий бұл сөздің растығын әлі күнге дейін дәлелдеп келеді.
– Ұлыңызды қалай тәрбиелеп жатырсыз?
– Біздің бала күтушіміз жоқ, ол балабақшаға да бармайды. Алайда балабақшаны секцияға ауыстырған жайымыз бар. Мысалы, Георгий әйгілі “Манчестер Юнайтед” клубының филиалында жаттығып жатыр. Мұнымен қатар, оны хип-хоп пен брейкке қатыстырдық. Ол Gangnam Style әуеніне билегенді жақсы көреді. Оның есту және ырғақты ұғыну қабілеті ерекше дамыған.
– Қазіргі уақыт сізге несімен құнды?
– Бүгінде мен аяулы жар, бақытты анамын. Менің жолдасым Константин маған өзімнің нағыз жұлдыз екенімді ұғынуға көмектесті. Бір кездері жай ғана жолым болды деп жүрген едім. Енді әйел табиғаты туралы көбірек білемін. Мен үнемі өзіме қажетті адамдармен араластым. Лана айналасына жарқын, тарих арнасын бұруға қауқары жететін тұлғаларды жинайды. Константин сол жандардың бірі. Біздің отбасымыздың басты ұстанымы – “Өмір менен бастау алады”. Бұл әр адамның өз тағдырын қалағандай етіп құрастыра алатындығын меңзейді. Адамдар осыны түсінген кезде, олардың өмірі түбегейлі өзгереді.
Жіберіп алмаңыз:
Жалғыз қазақ: Торғайлық ақын тағы да Димашқа өлең арнады (фото)
Асхат Садырбай: Хайуан екеш xайуан да өз ана тілінде сөйлейді
Димаш Құдайбергенов Универсиаданың ашылуында опера әншісімен ән айтты (видео)