Ламин Ямаль туған күніне қатысқан сұлу қыздарға миллиондап ақша төлеген
Фото: Ашық дереккөзден коллаж
"Барселона" футболшысы Ламин Ямальдың 18 жасқа толуына арналған кешіне модель қыздар шақырып, оларға шамамен 10-20 мың еуро (12 миллион теңгедей) ақша ұсынған. Алайда оларға құпиялықты сақтау туралы басты талап қойылған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Испаниялық модель Клаудия Кальво футболшының туған күніне арналған "құпия кешке" шақырылғанын жеткізді. Қатысатын қыздарға қойылған басты талаптар – сырт келбет пен құпиялылықты сақтау болған.
"Олар қыздардың көбіне сыртқы келбетіне – мысалы, төсі үлкен бе, шашының түсі қандай соларға назар аударады. Маған нақты сома 10–20 мың еуро (шамамен 12 миллион теңге) екенін айтты", – дейді Клаудия 20minutos басылымына берген сұхбатында.
Сонымен қатар модель ұсыныста басқа да шарттар болғанын атап өтті.
"Телефон болмауы керек. Камера болмайды. Есірткіге мүлде тыйым салынған. Барлық шығын: ұшақ, қонақүй, тамақ, аралда кешке дайындық үшін қажет нәрсенің бәрі ұйымдастырушылар есебінен. Кештің нақты өтетін орны тек басталуына бірнеше сағат қалғанда хабарланады. Құпия сақтау міндетті", – деді ол.
Бұл мәлімдеме әлеуметтік желіде кең талқыланған соң, Клаудия тағы бір мәлімдеме жасады. Ол өз аккаунттарының бұғатталғанын жеткізді.
"Кешкі сағат 22:26-да маған электронды хат келді. Әлеуметтік желідегі бірнеше аккаунтымды бұзуға әрекет жасалды. Менің ойымша, бұл Ямальдың айналасындағы адамдардың бірі болуы мүмкін", – дейді ол.
Айта кетейік, "Барселона" және Испания құрамасының жұлдызы Ламин Ямаль 13 шілдеде 18 жасқа толды. БАҚ мәліметінше, Клаудия Кальво бармаса да, жабық кеште көркімен көз тартатын көптеген қыздар болған.
Ламин Ямаль – Transfermarkt нұсқасы бойынша әлемдегі ең қымбат футболшы. 2024-2025 маусымында ол "Барселона" үшін 55 матч өткізіп, 18 гол соғып, 25 нәтижелі пас берген. Команда Чемпиондар лигасының жартылай финалына жетіп, Испания чемпионатын, кубокты және суперкубокты жеңіп алды.

"Екінші Перизат Қайрат": Қазақстандық блогерге алданған 100-ден аса адам 1 миллиард теңгесін қайтара алмай жүр
