Қызымен әзілдесіп ойнаған Асхат Тарғын жұртты күлдірді (видео)
Асхат Тарғын қызымен бірге түскен видеоларын желіге жүктеп жұртты бір күлдіріп алды.
Сурет: Асхат Тарғынның жеке парақшасынан
Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.
Соңғы бір жыл ішінде Асхат Тарғын өзін ғана емес, бірінші некесінен дүниеге келген қызын да жарнамалап жүр. Оны түрлі отандық бағдарламаларға қатыстырып, әншілік байқауларда бағын сынатқызған-ды. Енді міне инстаграм парақшасына қызымен бірге түскен видеосын бөлісіп, жұртты күлдірді.
“Кейде баламен бала болып ойнаймын. Себебі, қызымның күлгені, қуанғаны, көңілі мен үшін қымбат. Айымның ютубтағы каналына қосылыңыздар. Toma Way – қызық видеолар осында”, – дейді әнші.
Мұнымен қатар, әнші мен қызы газ арқылы дауыстарын өзгертіп, желідегілерді тағы да бір күлдірді. “Мынау қызық екен. Мен бірінші рет көріп тұрмын. Ал бұрын негізі кішкентай баллардың осылай ойнап журетінін коргенмін. Бірақ мəн бермеген едім. Кәдімгідей дауысың өзгеріп кетеді екен ғой”, – дейді ол.
Желі қолданушылары әншінің әрекетін қоштап, енді ұлды болуды жарыса тілеп жатты. “Артынан ұл-қыздар ере берсін”, “Қайта-қайта қарай бергің келеді. Сондай күшті!”, “Пап” деп еркелеген жері қатты ұнайды”, “Иә, расымен, күшті. Мен сан рет қарап шықтым. Бұл бірінші әйелінен туған қыз. Екінші әйелінен әзірге сәбиі жоқ”, “Екеуі бір-біріне сондай жарасады”, “Таңертең жұмысымды бастамас бұрын осы видеоны бір қарап алатын әдет шығардым” дейді желі қолданушылары.
Жіберіп алмаңыз:
Жолдыбаева анасын құттықтау үшін Маңғыстауға Алматыдан торт алып барды
Алуа Қонарова: “Эксперттердің” айтуынша, 17 жыл плагиатпен айналыссыппын
Димаш әлемдегі ең үлкен музыкалық марапаттардың бірін еншіледі
Айқынның Жұлдыз Өмірғалиге үйленіп, отбасын тастап кеткені рас па (фото)