Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қызылордалықтар аймақтағы сағат белдеуін өзгертуді өтінді

Қызылорда облысының тұрғыны Болат Нұрғожаев сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес басқармасының бастығы Алик Шпекбаевтан өз аймағындағы сағат белдеуін өзгерту мәселесін шешіп беруді өтінді. Бұл туралы тұрғын агенттіктің желідегі конференциясында айтты, деп хабарлайды Stan.kz.

Тұрғынның айтуынша, ағымдағы уақыт белдеуі Қызылорда тұрғындарының өміріне теріс әсер етеді.

Нұрғожаев осы мәселені айтып облыстағы барлық партия филиалдарына тіпті, президент аппаратына дейін хат жазған. Президент әкімшілігі сол хатты Қызылорда облысының әкімшілігіне қайта сілтеген.

Бұл тек денсаулыққа ғана емес, жұмыс қабілеттілігіне, өмір сүру ұзақтығына, кәсіпкерлік белсенділікке, тіпті мемлекеттік қызметшілердің жеке өміріне зиянын тигізіп келеді“, – дейді Болат Нұғожаев.

Тұрғын сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес басқармасының бастығы Алик Шпекбаевтан көмек сұрады.

“Құрметті Алик Жатқанбайұлы біз енді кімнен көмек сұрарымызды білмейміз. Тек ҚР Үкіметімен соттасу ғана қалды. Біз 13 жыл бойы байланыса алмаған Астанадағы барлық орталық атқарушы органдардың қызметкерлері арасында сіз мәселе көтере аласыз“, – деді Нұрғожаев.

Дегенмен, ол Шпекбаевтаан жауап ала алмады. Агенттіктің өкілдерінің айтуынша, бұл өтініштің жауабы 1 тәулік ішінде жарияланады.

Еске сала кетейік, бұған дейін де қызылордалықтар “дұрыс” уақыт белдеуін қайтаруды сұрағаан еді.

Облыстық прокуратура да аймақта дұрыс емес географиялық уақыт қабылданғанын растады.

 

Тағы оқыңыз:

ОҚО-дағы жеті жасар бала анасымен бірге Алматыға келеді

7 жасар баланың оқиғасынан кейін ОҚО-дағы ауыл тұрғындары балаларын мектепке жіберуге қорқып жүр

7 жасар баланың ісі: Селтановтар отбасы өздерін айыптағандарға жауап берді

Теміртауда жүктілік кезінде егіз сәбиінен айырылған анаға 200 мың теңге өтемақы төленеді

Талқылау