Қызылордалық ескі көліктен ауыл шаруашылығына жарамды «Джип» жасап алды (фото)
Қызылорда облысы Арал қаласының тұрғыны Ертай Әлiмбеттi жергiлiктi халық жақсы таниды. 1947 жылы шығарылған Газ-67 маркалы автокөлiгiн жарамды етiп айдап жүрген азаматтың шеберлiгi расымен таңғалдырады.
Бұл туралы Stan.kz сайтының өңірдегі тілшісі жазды.
Бұл көлiктi Ертай Әлiмбеттiң әкесi осыдан 70 жыл бұрын Ресейден алып әкелiптi. Сол уақыттан берi тұрмысқа пайдаланылып келедi. 2007 жылы рақымшылық аясында көлiгiнiң құжаттарын заңдастырып алыпты.
“Бұл көлiктi бала кезiмiзден жүргізіп келе жатырмыз. Көшеде кетiп бара жатсаң, бәрi таңғалып қарайды. Шаруашылыққа өте қолайлы. Бұзылған жерiн өзiм жөндеп аламын”, – дейдi шопыр.
Ең қызығы, бұл көлiкке шетел азаматтары айрықша қызығушылық танытып отыр екен. Тiптi қомақты қаражатқа сатып алғылары келгендер де болыпты. Бiрақ, көлiк иесi бұл ұсыныстардан бас тартқанын айтады. Тек Аралға кино түсiруге келетiндерге көлiктi пайдалануға рұқсат бередi екен.
Оқи отырыңыз:
Бағлан Әбдірайымов той орталығының ашылу салтанатын дүркіретіп өткізді
Абай Бегей: Әйелім тірі кезінде қадіріне жете алмадым (фото)
Қайрат Нұртастың ұл-қыздарының есімдері белгілі болды
Қайраттың келіншегі әншінің қажылықта түскен суретін сынағандарға жауап берді