Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қызылордада тұрғындардың бірі сатып алған сүт көгеріп кеткен болып шықты (видео)

Қызылордада тұрғындардың бірі сатып алған сүт көгеріп кеткен болып шықты, деп хабарлайды Stan.kz.

Instagram желісіндегі kritikakyzylordy парақшасында жарияланған жазбада қала тұрғындарының бірі сатып алған сүтінің көгеріп кеткенін айтып шағымдануда.

«Балаларыма ботқа дайындап берерден бұрын сүтті ішіп көріп, біртүрлі дәмін байқадым. Сүтті ыдысқа құйып алып, қаптамасын ашсам, ішінде тығыздалған қағазға ұқсас зат жатыр. Оны саусағыммен ақырын умаждап ем, ішінен жасыл түсті зең көрінді. Сүттің қаптамасы бүтін. Ешбір жері зақымдалмаған. Адамдар, абай болыңыздар. Мұның салдарынан уланып қалуларыңыз мүмкін. Сүт арзан емес. Ал арзан сүттердің ішінде не барын кім біледі», – деп жазған тұрғындардың бірі.

 

▫️▫️▫️14.02.18 купила молоко Айналайын в магазине “Кызылорда” на Универсаме, прежде чем сварить детям кашу попробовала и почувствовала неприятный вкус вылила молоко в чашку вскрыла упаковку а там лежит что то похожее на плотную бумагу слегка потерла пальцами а внутри плесень как Вы видите зеленого цвета , причем упаковка внутри целая. Люди берегите детей и себя это может грозить отравлением. Молоко не из дешевых!!!!!!!! А что ожидать от молоко которое гораздо дешевле?????? Ужасно просто !!!!!!!! ▫️▫️▫️ Автор: @olechka_kadralieva #критикакызылорды#кызылорда

Публикация от Отзывы/Критика/Кызылорда (@kritikakyzylordy)

Желіде жарияланған видеодан сүттің қаптамасының ішінен көгеріп кеткен зат шыққанын көруге болады.

Ал ашуланған желі қолданушылары сүттің көгергеніне кімді кінәларын білмей, дауласып қалды. Бірі дүкенді кінәласа, енді бірі сүтті шығарған зауытты жазғырып жатты. «Адамдарды қолдарынан келгенше улап жатыр», «Қолдың сүтін алуға да қорқасың. Оларға су қосады. Қазір не ішіп, балаларға не береріңді білмейсің», – деп жазды желі қолданушылары.

Оқи отырыңыз:

Семейде әуежайдың заңсыз сатылғаны анықталды

Шымкентте мешітке келген ер адамның 4 миллион теңгесін ұрлап кетті

Оңтүстік Қазақстанда дүниеге келген 3 миллионыншы тұрғынға пәтер сыйға беріледі

Қарағанды облысында СПИД таратуы мүмкін инелерді кімнің төккені тексеріліп жатыр

Талқылау