Қызылордада марқұм Батырхан Шүкеновтің туған күніне орай ескерткіш орнатылды (фото, видео)
Қызылордадағы саябақтардың бірінде марқұм Батырхан Шүкеновтің туған күніне орай ескерткіш орнатылып, салтанатты ашылу рәсімі өтті, деп хабарлайды Stan.kz.
Биыл танымал әншінің дүиеден өткеніне 3 жыл болып отыр. 2015 жылы 29 сәуірде әншінің жүрегі тоқтап қалып, 53 жасында қайтыс болған еді.
Әншінің құрметіне орнатылған ескерткіштің ашылу рәсіміне туыстары, достары, өнердегі әріптестері мен тыңдармандары келді. Олардың ішінде жас әнші Әли Оқапов та бар. Әнші Instagram желісіндегі парақшасында ескерткіштің ашылу салтанатында түсірілген сурет және видеолармен бөлісті.
Батырхан Шүкеновтің саксафон ұстап отырған мүсіні қоладан сомдалыпты.
«Мұнда аналарымен бірге келген кішкентай балалар мүсінді көріп: «Бұл ағай кім? Қолына қандай аспап ұстап отыр? Домбыра не шаңқобыз емес сияқты», – деп сұрайды. Ата-аналары мұның саксафон екенін, Батыр ағаларының осы аспапта ойнағанын айтады. Бәлкім бұл әлдекімдерді жаңа табыстар мен бастамаларға шабыттандырар», – дейді «А-студио» тобының музыканты Байғали Серкебаев ашылу рәсімінде.
Оқи отырыңыз:
Қарағандыда сабақтан соң қала сыртына кетіп қалған қызды пойыз басып кетті
Өскеменде автобус аялдамасында 78-жастағы зейнеткер кенеттен көз жұмды
«7-20-25» тұрғын үй бағдарламасы ағымдағы жылдың шілдесінде жүзеге асырылмақшы