Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қызылорда ыстығына шыдамаған алматылық қыз беташарда есінен танып құлады

Бұл жағдай өткен демалыс күндерi орын алды. Ару қала Алматыдан Сыр елiне келiн болып түскен Айсұлу есiмдi бойжеткен беташар кезiнде есiнен танып қалды.

беташар

Соның салдарынан той иелерi салт-дәстүрiмiз бойынша жасалатын шараны тоқтатуға мәжбүр болды,-деп жазды Stan.kz  сайтының өңірдегі тілшісі.

Қызылордаға жаздың ерте келетiнi белгiлi.Биыл да күн ерте ысыды. Содан болу керек қоңыр салқынға үйренген жас келiннiң денсаулығы күрт нашарлады.

“Ұзату тойы Алматыда өттi. Ол жақтан Қызылордаға көлiкпен келдiк. Жеткен бойда беташар басталды. Келнiмiз жолдан шаршаса керек, әлсіреп құлап қалды. Оның үстiне бiздiң қаламыздың ауа-райына шыдас беру де оңай емес”, – дейдi той қонақтарының бiрi.

Жас келiн әулиеттiң әруақтарына сәлем бергеннен кейiн өзiн нашар сезiне бастаған. Бiрақ, тиiстi ем-дом жасалынғаннан кейiн беташар қайта жалғасты. Тойды жүргiзген тамада жас келiнге не себепті екені белгісі, үйдегi “Ақтөс” деген итiне де сәлем салдырды.

Оқи отырыңыз:

Мәмбетовтың ақиқаты, Жаманқұловтың “шындығы”: Тұңғышбай Желтоқсан оқиғасында мені тастап қашып кетті

Мәдина Сәдуақасова ұлының есеп шығарып, үш тілде сөйлейтінін айтып мақтанды

Отандық әншілерден құралған футбол командасы Аргентинаны 3:0 есебімен жеңді (видео)

Алматылық кәсіпкер әншілерге ерекше ауызашар жасап, оларды ақшаға таластырып қойды (фото)

Талқылау