Қызылорда тұрғыны көпбалалы ананы алдап, заңсыз рәсімделген несие арқылы қарызға батырған

Мерекесіз мереке! Мейрам қарсаңында Қызылордада көп балалы ана әкімдіктің алдында аштық жариялады. Ашынған келіншектің мұндай қадамға баруына полицияға жазған арызының үш жылдан бері қаралмауы себеп болса керек. Жалпы, Динара Дастенова тап болған оқиға кез-келген адамның басынан өтуі мүмкін.

Бұл туралы 31 арна хабарлады.

Айтуынша, «басқа біреу құжатының көшірмесін өткізіп, менің атымнан несие алып, банкке жарты миллион теңгеден аса қарызға батырып кетті» деп зар илеп отыр.

Аудан жұртшылығы абыр-сабыр мерекеге дайындалып жатқанда, Динара Дастенова таң атқаннан әкімдік алдына арыздарын арқалап тағы келді. Бұл жолы ашынған тұрғын айта-айта шаршаған арызын әкімге тағы жеткізу үшін емес, көпшілік жүретін ортада аштық жариялауға келген. Ал аштықты әкім заңсыз деп, қайта-қайта Динараға ескерту жасаумен болды.

Алайда Динара ескертуді елеген жоқ. Айтуынша, бұл мәселе осыдан үш жыл бұрын басталған. Жеке куәлігімнің көшірмесімен қызылордалық тұрғын менің рұқсатымсыз несие рәсімдеп, Ақтөбе супермаркеттерінің бірінен банк арқылы 390 мың теңге болатын ұялы телефон алыпты дейді. Динара куәлігінің көшірмесін танысына ақшалай несие алып беремін деген соң ғана бергенін айтады. Алайда ол құжаттың өзі танымайтын адамның қалай қолына түскенінен, Ақтөбеде несиенің қалай рәсімделгенінен бейхабар. Соның салдарынан бүгінде 40 мың теңге жалақыға жұмыс істейтін үш баланың анасы банкке 600 мың теңгеге жуық қарызға батыпты.

“Содан бері екі жарым жыл болды. Бас прокуратураға, Ішкі істер министріне, Ақтөбе облысының прокуратурасына, Қызылорда облысының әкіміне, Қазалы ауданының әкіміне барлығына екі жарым жыл болды арызданғаныма. Шаршадым. Ешқандай нәтиже жоқ. Нәтиже шықпағасын аштық жариялауға кеп тұрмын. Нәтиже шықпаса өлуге бармын”, – дейді ереуілші Динара Дастенова.

Күннің суығына қарамай аш қалған тұрғынға әкім ескертуі әсер етпегесін, полицейлер келіп, заңсыз жерде ереуілдетті деп хаттама да толтырды.

Динара менің атымдағы несие бүгінде көбейіп, банк жалақы алатын шотымды бұғаттап тастады дейді. Енді бір отбасыны асырап отырған үш баланың анасы табатын аз-маз табысына да қол жеткізе алмай отыр. Ал дәл қазір күні бойы нәр татпай әкімдік алдында әділдікті талап еткен әйел әлсіреп құлау алдында тұр.

Жіберіп алмаңыз:

Петропавлдық полицейлердің тосын сыйы қыз-келіншектерді сүйсінтті

Қазақстандағы ең сұлу полицей қыз анықталды

Қызылорда облысында мал іздеп жүріп батпаққа батып кеткен 5 адам құтқарылды

Қызылордада көлік жүре алмайтын көшелерден шаршаған тұрғындар, темір тұлпарларын жылқыға айырбастады

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр