Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Петропавлдық полицейлердің тосын сыйы қыз-келіншектерді сүйсінтті

Петропавлдың тәртіп сақшылары қаладағы қыз-келіншектерді  ерекше флешмоб ұйымдастырып құттықтады. Сондай-ақ, полицейлер нәзік жандар көп еңбек ететін ұжымдарға бас сұғып, оларға тосыннан гүлдер сыйлады, деп хабарлады КТК. 

Флешмобқа полицияның 50 қызметкері қатысқан. Әдетте, ауыр қылмыстарға қатысты ұстау операцияларына ғана тартылып, бет-жүзін де көрсетпейтін арнайы жасақ жігіттерінің гүл иіскеп тұрған мейірімге толы көздері ешкімді бей-жай қалдырмады.

Айналып тұрған сегіз саны, лүпіл қағатын жүрек бейнеленген таспаны тәртіп сақшылары әлеуметтік желіге жүктеген екен. Бір күнде 40 мың адам көрген роликтің соңына қыз-келіншектер мыңдаған жылы лебіздерін  қалдырыпты. Сондай-ақ, бұл күні тәртіп сақшылары қаланың ауруханалары  мен мектептерінде қызмет ететін келіншектер мен өз әріптестеріне тосыннан гүл сыйлады.

Жіберіп алмаңыз:

Қазақстандағы ең сұлу полицей қыз анықталды

Қызылорда облысында мал іздеп жүріп батпаққа батып кеткен 5 адам құтқарылды

Желіде жалаңаштанып ерсі қылығымен танылған қыздың жанкүйерлері пайда бола бастады (видео)

Балабақшадағы қызық оқиға: Ең асыл адам – Нұрсұлтан Назарбаев

Талқылау