Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қызылорда облысының тұрғыны қарызын бермеу үшін әйел адамды өлтіріп кетті

Қызылордада ер адам өзі қарыз болған әйелді өлтіріп, көлігін алып кеткен.

Бұл туралы Қызылорда сотындағылар айтты.

Сот мәліметінше, ер адам танысына несие алып беру үшін одан 225 мың теңге алады. Кейіннен жәбірленуші уәдесін орындамаған ер адамнан ақшасын сұрайды. Ақшасын қайтарғысы келмеген ер адам оны буындырып өлтірген. Мәйітін өртеп, С. есімді танысынан таза киім әкеп беруін сұрайды. Қылмыскер марқұмның 139 мың теңге тұратын телефоны мен көлігін де алып кеткен. Бұл жайттан танысы да хабардар болған.

Екеуі Түркістан қаласына келіп, Т. есімді азаматтан көлікті сатып беруін сұрайды. Т. есімді азамат көлік иесінің өлтірілгенін білмегенімен көліктің қылмыс жолымен алынғанын білген. Бірақ сатып беруге келіскен.

Үшеуі де Түркістан қаласында көлік сатып жүрген жерінен ұсталды.

Марқұмды өлтірген қылмыскер 16 жыл 6 айға, С. есімді азамат 4 жылға сотталды. Т.есімді азаматқа қатысты іс екінші тараптың татуласуына байланысты тоқтатылды.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Тағы да оқыңыз:

Талдықорғанда жемқорлыққа қарсы бюроның есепшісі қызмет орнында асылып қалды

Қайта осындай әйел тапқаныма бақыттымын: Кемпірге үйленді деп желіде шу болған күйеужігіт шындығын айтты

Енді төрт балалы отбасыларға ай сайынғы жәрдемақы берілмейді

Талқылау