Қызылорда облысында ұшты-күйлі жоғалған балықшылардың сүйектері табылып жатыр
Қызылорда облысында бір апта бұрын балық аулауға шығып, ұшты-күйлі жоғалып кеткен балықшылардың әр жерде шашылған сүйектері біртіндеп табылып жатыр.
Бұл туралы 31 арна хабарлайды.
Жергілікті тұрғындарының айтуынша, өзенге қайықпен шыққан азаматтар мұзды жармақ болғанда, жарылғыш заттан өздері де жарылып кеткен сияқты. Жарылыстың қатты болғаны соншалық, адамдарды айтпағанда, темір қайықтың өзін бөлшектеп тастаған. Бүгін құтқарушылар суға кеткен азаматтардың киімдерін тапты.
Құтқарушылар су астынан шығарған қайықтың басқа да бөлшектерінен адамның сүйектері де табылыпты. Тұрғындар балық аулауға шыққан қос азаматтың жарылғыш заттан өздері жарылып кетулері мүмкін екендерін айтады.
“Енді қазіргі таңда сол қайықтың бөлігінің жартысы табылды. Ертеңіне жартысы табылды. Одан бөлек балықшылардың сүйектері табылып жатыр. Жұмыстар жалғасып жатыр, әлі тоқтаған жоқ”, – дейді «Оңтүстік өңірлік аэроұтқыр жедел құтқару жасағы мемлекеттік мекемесі басшысының орынбасары Мейрамбек Доспанбетов.
Құтқарушылардың сөзінше бұл екі тұрғын балық аулауға заңсыз шыққан. Және де балықшылар балық аулау кезінде мұзды жару үшін жарылғыш заттарды пайдалануға болмайды дейді. Ал тәжірибелі балықшылар балық аулаудың өзіндік тәртібін ұстанған жөн екенін айтады.
“Балықшыларда аяқ киім құралдарында самоспасательдері болады. Ол кісілерде ілмешек, кедір-бұдырлы аяқ киім ал аяқ киімде біз бар. Сол арқылы суға кеткен жағдайда тырмысып, құтқарылады”, – деді балықшы Бауыржан Мәкеев.
Бұдан бөлек Оңтүстік Қазақстан облысында 6 желтоқсанда балық аулауға шыққан екі азамат Шардара су қоймасына суға батып кеткен-ді. Құтқарушылар олардың денесін жағадан 20-25 метр алыс жерден тапқан.
Осы жылы Қызылорда өңірінде балық аулауға шығып, суға батып кеткендер саны азайған. Мәселен, өткен жылы дәл осындай жағдайда суға батқандар саны 13 адам болса, 2016 жылы 8 адамға жеткен. Дегенмен құтқарушылар тұрғындарға балық аулау барысында сақтық шараларын қатаң ұстауды ескертеді.
Оқи отырыңыз:
Қарағандыда халыққа танымал тіс дәрігері зейнеткер-әкесін өлтірді
Алматыда шатырға қатып қалған алып мұз әйелдің үстіне құлады
Ақтауда донер жеп уланған екі жасар қыз ауруханада көз жұмды
ЭКСПО-ны салу барысында қанша адамның қаза болғаны белгілі болды