Қызылорда облысында дастархан басындағы суреттерін желіге жүктегені үшін 18 шенеунік жазаланды
Мерекелік отырыс суреттерін әлеуметтік желіде жариялағаны үшін Қызылорда облысында 18 шенеунік ескерту мен сөгіс алды.
Бұл туралы BNews.kz хабарлайды.
“Бұл суреттер отырыс немесе табиғат аясына қыдырып шыққан кезде түсірілген. Облыс шенеуніктері жеке аккаунттарында жариялаған 50 суретте спиртті ішімдіктер көрініп тұрады.
Әдеп нормаларын жұмыста да, жұмыстан тыс уақытта да сақтауға міндетті мемлекеттік қызметкерлер әлеуметтік желіге ыңғайсыз суретті салған кезде өзгелердің қандай көзқараста болатынын да ойлаулары керек”, – дейді ҚР мемлекеттік қызмет істері және жемқорлыққа қарсы күрес облыстық департаменті басшысының орынбасары Берікбол Байқожаев.
Байқожаевтың сөзінше, әсіресе Сырдария ауданында қызмет істейтін маман карта ойнап отырған суретін салып, қатты “көзге түскен”.
“Біз мемлекеттік қызметкерлерге құмар ойынға әуестенген, дастархан басында отырған суреттеріңізді салмаңыздар деп кеңес берер едік”, – дейді Байқожаев.
Департамент мамандары анықтаған 50 сурет қазіргі таңда әлеуметтік желі парақшаларынан алынып тасталған. Осындай ерсі әрекеттері үшін облыстағы 18 шенеунік түрлі деңгейдегі ескертулер мен сөгістер алған.
Оқи отырыңыз:
Есімов елбасыға ЭКСПО аяқталған соң нысандарды қалай пайдалануға болатынын айтты
Халқы танымайтын парламентте қартайған депутаттардың тізімі шықты
Елбасы: Орыс тілділер үшін кириллица қолданыста қала бермек
Ақмола облысының бұрынғы әкімінің ұлы Алматы қаласының аудан әкімі болды