Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қызылорда қаласының әкімі өзіне сұрақ қойған тұрғынды ұрсып тастады

Талсуат ауылының тұрғындары алдында есеп берген Қызылорда қаласының әкімі сұрақ қойған тұрғынға ұрсып тастады. Ауыл мәселесін көтерген азаматтың белсенділігі жақпай қалды ма, әйтеуір Нұрлыбек Нәлібаев “шенеуніктердің халық үшін жасап жатқан жұмыстарына алғыс айту керексіңдер” деп ренжи сөйледі.

әкіммм
Бұл туралы 31 арна жазды.
Есептік жиын басында Қызылорда қаласы әкімінің баяндамасы көпшіліктің ұйқысын келтірді ме, әйтеуір тұрғындардың да, кездесуге келген шенділердің де көбінің көзі жұмылып, қалғып отырғандай болды.

Кездесу апта соңында болған соң, маужырағандардың жағдайы түсінікті де. Ал жиын үстінде байыз таппай жүрген әкімдік қызметкерлері көзі ілінгендей көрініп отырған көпшілікті түрткілеп оятып жүргендей.

Осылайша 40 минуттай оқылған баяндамадан соң, тұрғындардың көкейтесті сұрақтарына да кезек келді.

-Ауылымызда бұдан даңғарадай клуб тұр. Бұдан екі есе келеді. Соны жөндеп, халықты соған шақырып. Сол жерде неге жастар, кәрілер жиналмаймыз?

«Әр нәрсенің заңдылығы бар. Сол бойынша жасалады. Оған қуану керек. Елбасына, облыстың басшысына, осы сіздер үшін қызмет жасап жүрген азаматтарға осы халыққа жұмыс істеп жатқанына рахмет айту керек. Жаңағыдай әңгіменің қажеті жоқ деп есептеймін»,-дейді Қызылорда қаласының әкімі Нұрлыбек Нәлібаев.

Әкімнің халыққа «рахмет айту керек» деген сөзі әсер етті ме, әлде басшылар ісіне шын риза болды ма, әлде қала басшысының сөзінен қорқып қалды ма әйтеуір осыдан кейін жиналған ауылдықтар бірінен соң бірі қала басшысына алғыстарын жаудырды.

– Алланың нұры жаусын

Айта кету керек, Нұрлыбек Нәлібаев Ақтөбе облысының әкімі Бердібек Сапарбаевтың інісі. Ал есепке жиналған мемлекеттік қызметкерлер мен бюджеттік мекемелердің мамандары ауылдағы өзекті мәселелер туралы айтуға жасқанды ма әйтеуір барлығы жақсы деп қана тарқасты.

Оқи отырыңыз:

Назарбаев әкімдердің жалқаулығын сынады

Таразда Тәуелсіздік күні жарақат алған сарбаздың анасы қала әкімдігін сотқа бермек

Айсәуле Бақытбек “әкесінің тағдырына бей-жай қарайды” дегендерге жауап берді

Суицидке итермелейтін «Синий кит» ойынынан соң ІІМ ғаламторда бақылауды күшейтті

 

Талқылау