Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қызғаншақ күйеу Facebook-тегі суретке бола әйелін өртеп жіберді (фото)

Таиландта қызғаншақ азамат өзінің некелі жұбайын Facebook желісіндегі суретке бола өртеп жіберді.

3DE8C8D800000578-0-image-a-93_1488540376855

Бұл туралы The Daily Mail басылымы хабарлайды.

28 жастағы Чэчоарн Таррин өткен жылы 26 жастағы Неднэфэ Нуэнхуле есімді әйелмен көңіл қосып, ұлан-асыр той жасады. Алайда араларында Facebook желісіндегі суретке бола түсініспеушілік туындап, арты жанжалға ұласқан. Осылайша қызғанышқа бой алдырған күйеуі әйелінің үстіне бензин құйып, оны өртеп жіберген. Оқиға Таиланд мемлекетінің Амф Чанг Хэме аймағында болған. Нуэнхулге сол түні шұғыл 3 ота жасалған. Алдағы уақытта тағы да бірнешеуі жасалмақ.

Келіншек күйеуінің өзін бір жыл ішінде аяусыз қорлап келгенін айтып жатыр. Ақыры күйеуі шектен шығып, оны өртеп жіберген. Алайда келіншек ортақ балалары үшін оны кешірмек.

3DE8C8C800000578-0-image-a-100_1488540447851

«Бұл оқиға менің сырт келбетімде ғана емес, жан дүниемде де жазылмас жара қалдырды. Бірақ мен оны кешіруге мәжбүрмін. Өйткені арамызда бала бар. Өртеніп жатып тозаққа түскендей әсерде болдым. Өмірімде бұдан асқан хайуандықты кездестірген емеспін. Менің тәнім ешуақытта бұрынғы қалпына келмейді. Әрине, мұндай оқиға болады деп ешкім күтпеді. Десе де, барлығы тағдырдың еншісінде. Күйеуім осы істегендері үшін жазасын алатын болады. Енді ол қашып құтыла алмайды. Ол қазір түрмеде отыр», – дейді Неднэфэ Нуэнхуле.

Қызғаншақ күйеу Facebook-тегі суретке бола әйелін өртеп жіберді

Келіншектің досы Сударат Хунэруп оны суретке түсіріп, артынша бұл суреттерді желіге жүктеген. Мақсаты – оның еміне ақша жинау екен. «Дәл қазір Неднэфэ қатты қиналып жүр. Оған көптеген медициналық көмек қажет. Ол екі немесе үш реттен мойнына, ерніне және жақ сүйектеріне ота жасатты. Мұнымен қатар, оның саусақтарына үлкен зақым келген. Дәл қазір ол жұмыс істей алмайды, ақшалай көмектесетін күйеуі де жоқ. Оның, тіпті, алғашқы көмекке қажет дәрі-дәрмектерге жұмсайтын ақшасы да жоқ», – дейді досы Сударат Хунэруп.

Қызғаншақ күйеу Facebook-тегі суретке бола әйелін өртеп жіберді

Әзірге қызғаншақ азаматқа қандай үкім тағайындалғаны белгісіз. «Бұл жерде жас жұбайлар арасында жанжал болып тұр. Дәл қазір тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Істің нақты қалай аяқталатыны белгісіз», – дейді оның өкілі.

 

Талқылау