Қызды зорлады деген күдікті: Кінәлі емеспін, себебі мен сүйкімдімін, ал ол семіз
Калифорниялық боксшы Иселл Льюис таныс қызын зорлағаны үшін қамауға алынды.
Бұл туралы Daily Mail хабарлады, деп жазады Stan.kz ақпараттық агенттігі.
Оқиға 2017 жылдың шілдесінде орын алды. Қорғаушының қызметінен бас тартқан 26 жастағы жігіт, сотта өзін-өзі таныстыратынын айтты.
Жәбірленушінің айтуынша, Иселл Льюис оны сауда орталығының баспалдағына алдап апарып, сол жерде шабуыл жасаған. Бойжеткенді зорлады деген ер адам тұтқындалғанымен, кінәсін мойындамай 10 мың доллар кепілдік беріп бостандыққа шыққан. Бірақ, бұл іс бойынша тергеу жүріп жатқанда, ол тағы да полицияның көзіне түсті. Осы жолы боксшы таксист әйелдің көз алдында мастурбация жасағаны үшін ұсталды.
Айыпталушы орындығында отырған Иселл Льюис адвокаттың қызметінен бас тартып, сотқа өзін өзі қорғайтынын айтты. Ал сот төрағасы Эндрю Свитт айыпталушыға бұның дұрыс еместігін ескерткенімен, оның бұл әрекетіне еш қарсылық көрсетпеді.
Сот отырысында өзін-өзі қорғаған боксшы өзінің сүйкімді жігіт екенін және жәбірленушінің салмағы 300 фунт болғандықтан, оны зорлауы мүмкін еместігін айтты. Сонымен қатар, Иселлдің айтуынша оқиға болған кезде ол кішкентай баламен бірге отырған. Бірақ айыпталушы бұл фактіні дәлелдейтін ешқандай айғақ көрсете алмады.
Егер сот боксшыны кінәлі деп тапса, ол сегіз жылға дейін бас бостандығынан айырылады. Бүгінгі күні қамауда отырған 26 жастағы жігіт 170 мың доллар кепілдік төлеп, бостандыққа шығуы мүмкін.
Оқи отырыңыз:
Әлемге әйгілі музыкант 28 жасында дүниеден озды
Францияда президентке ортаңғы саусағын көрсеткен зейнеткер жарты жылға қамалуы мүмкін
Қауіпті шаш үлгісі: Шаштараз «баланы қорлағаны» үшін түрмеге жабылды
Кемеровода сауда орталығындағы өрттен қаза тапқандардың барлығының тұлғасы анықталды