Шетелде жезөкшелікпен айналысуды ұйымдастырған қарағандылық әйел сотталды
Қазыбекби аудандық сотында қыздарды шетел асырып, жеңгетайлықпен айналысқан қарағандылық әйелге қатысты сот болды. Айыпталушы кінәсін мойындап, прокурорлармен келісімге отырғандықтан, шартты мерзімше босатылды.
Сурет: pikabu.ru
Бұл туралы nv.kz хабарлайды.
Жеңгетай әйел қыздарды Араб әмірлігінің Бахрейн патшалығында бордельге жіберіп отырған. Оған осы іспен айналысатын әпкесі көмектескен. Олар жайлы полицияға қарағандылық қыз айтып берді.
Жеңгетай қыздарды сайт арқылы іздеген. Бірде Алина есімді жалған атпен хабарласан қыз, онымен жеке отырып кездескен. Әйел оған интимді қатынаспен айналысуға тура келетінін, жалақысы да оның тартымдылығына байланысты төленетінін айтқан. Сондықтан оның өзіне күтім жасап, шашын ағартып, кірпік пен тырнағын өсіруі керектігін айтқан.
Ал, қыз өзінің денсаулығы мен өмірі үшін кім жауап беретінін сұрағанда, оған ешкім деген жауап алған. Сондықтан ол жұмыстан бас тартып, полицияға келіп шағымданған. Полицейлер оны ұстауға көмектесуін сұраған соң, қыз жеңгетай әйелмен қайта хабарласқан. Оның талаптарына келісетінін айтып, полицияға ұстап берген.
Полицейлер жеңгетай әйелді өткен жылдың 14 қазан күні ұшуы керек болған жерінен ұстаған.
Айыпталушы әйел прокурорлармен келісімге келіп, кінәсін мойындаған соң сот төрешісі оны шартты түрде 5 жылға бас бостандығынан айыруға шешім шығарды. Ол бақылау қызметінің қадағалауында болмақ.
«Жеке кепілдік » түріндегі бұлтартпау шарасы үкімі күшіне енгенге дейін өзгеріссіз қалады.