"Құттықтап қоюға болады": Айгүл Иманбаева жақсы жаңалығын бөлісті
Танымал әнші Айгүл Иманбаева жақсы жаңалығын жариялады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: https://www.instagram.com/aigul_imanbayeva/
Өнер иесі жолдасымен бірге Лос-Анджелес қаласында тұрып жатыр.
“Кеш жарық, қадірлі менің оқырмандарым! 2024 жылдың 23 ақпан күні – жолдасым Ерлан екеуміздің заңды некеге отырып, шаңырақ көтерген күніміз. Биыл 1 жыл толып отыр. Құттықтап қоюларыңызға болады. Әрбір адам баласының тағдыры бір Жаратушының қолында. "Әйел қырық шырақты” деген осы шығар. Әрбір әйел бақытты болуға лайық”, – деп жазды әнші.
-
"25 жыл өтіпті": Желіде Айгүл Иманбаева мен Сәбит Әбдіхалықовтың үйлену тойындағы фотосы тарады
-
"Ұлым аманаттап тапсырды": Айгүл Иманбаева неке қиған сәтінің видеосын жариялады
Айта кетейік, актриса екінші рет тұрмысқа шығып, АҚШ-қа қоныс аударған еді.
“Күйеуім 10 жылдан бері Америкада тұрады. Қызы Лондонда оқиды. Өзім секілді ажырасқан жігіт. Тағдырымыз ұқсас болып тұр. 1977 жылы дүниеге келген. Найман руының жігіті. Бірақ менен алты ай ғана кіші. Ортақ достарымыз арқылы таныстық”, – деген еді өнер иесі.