Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Екі адам іздестіріліп жатыр: Құтқарушылар Алматыдағы кісі өліміне алып келген тау өртінің себебін атады

Алматы қалалық төтенше жағдайлар департаментінің өкілдері Медеудегі өрттің алдын ала себебін атады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі “Хабар 24” арнасына сілтеме жасап хабарлайды. 

өрт

Сюжеттен скриншот

Өрт шыққан аймақ "Іле Алатауы" ұлттық табиғи паркінің Медеу филиалы Кіші Алматы орманшылығына қарайды.

Құтқарушылар осының бәрі өрт қауіпсіздігі шараларының сақталмауынан дейді. Тауда тынығып отыратын арнайы орындар бар. Десе де демалушылар оны айналып өтеді. Алдын ала болжам бойынша қураған ағашқа әдейі өрт қоюы мүмкін. Алғашқы жасақ жеткен кезде таудан түсіп келе жатқан 2 адамды байқап қалған. Қазір олар іздестіріліп жатыр.

“Өрттің сөндірілуінің күрделеніп жатқан себебі желдің қайта-қайта бағытының ауыстыруы болып жатыр және тау өте тік болғандықтан, құрамның шығып түсуі өте қиын болып жатыр. Құрғақ ағаштардың жануы. Ол құрғақ ағаштар отқа шыдамай, төмненге қарай түсіп жатыр. Сонымен қоса жеке құрамның өміріне қауіп төндіріп жатыр. Бөренелер құлап жатыр”, – дейді қалалық ТЖД жедел кезекшінің орынбасары Оспан Омаров.

Төтенше жағдайлар қызметкерлерінің айтуынша, тау беткейіндегі өртті сөндіру қиын. Себебі арнайы техника бара алмайды. Өртті сөндіруге 100-ден астам адам, 15-ке жуық арнайы техника мен "Қазавиақорғау" мекемесінің тікұшағы тартылды. Дегенмен тілсіз жауға тойтарыс беру мүмкін болмай тұр.

“Алдымен түнделетіп адамдарды қойған болатынбыз. Бірақ, өкінішке қарай, қайтыс болған қызметердің есебінен жұмыстарды тоқтаттық. Қазіргі таңда кешегі 8 мың шаршы метрдің 3 мың шаршы метрі қалып жатыр. Таң атқанша өртті сөндіруге жоспарлап отыр”, – деп мәлімдеді Медеу ауданының әкімі Еркебұлан Оразалин.

Айта кетейік, "Іле-Алатау саябағы" мемлекеттік ұлттық паркі, Кіші Алматы орман шаруашылығы, 33 орам аумағында қураған ағаштар өртенген еді. Салдарынан жалынмен күрес кезінде 1 өрт сөндіруші мерт болған. Тағы бір құтқарушы дене жарақатын алды. 

Назархан Уән
Сейсенбі, 09 Мамыр, 2023 09:55
Талқылау
`