Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қытайлық жанкүйерлері ерекше тосынсый жасап Димашты таңғалдырды (фото)

Димаш Құдайбергеннің өнеріне тәнті болған қытайлық жанкүйерлері бүгін әншіге тосынсый жасады, деп хабарлайды Қазақпарат.

20170309173051

Бұл туралы әншінің досы әрі ресми өкілі Алпамыс Шаримов өзінің Инстаграмдағы парақшасында жазды.

20170309172940

20170309172932

«Димаштың @kudaibergenov.dimash жанкүйерлері күннен-күнге таңқалдыруларын қоймайды. Расымен, мақтанға салынбайықшы деп, көп тосын сыйларды жариялай бермейміз. Бірақ, бүгінгісі ерекше! Қытай фанаттары арнайы Қазақстанды зерттеп, виза ашып, елімізге барыпты. Димаштың қарны ашып қалмасын деп, қазақ ұлттық тағамдарын дайындап бүгінгі түскі аста бізді таңқалдырды. Қазы-қарта, тары-талқан, құрт-май, жеміс-жидек бәрі бар! Жырақта жүрген жан үшін бұл тағамдардың орны ерекше екені сөзсіз! Қорап-қорап сыйлық. Әлі ашып та үлгермей жатырмыз! Барлығы әншісіне деген ниеті ғой жанкүйерлердің…», – дейді ол.

20170309172928

«Жалпы, Димашқа арналған фан-топтар көп. Бұл #DimashSisters яғни “Димаштың қарындастары” атты фан топтың сыйлығы. Қиялдарында шек жоқ қой шіркін!? Қандай керемет!.. Димаштың атынан барша #DimashSister фан тобының қыздарына алғыс білдіремін! Бүгін біз расымен де ауылға барып қайтқандай болдық!!! Раxмет, Dears!»,- деді Алпамыс Шаримов өзінің Инстаграмдағы парақшасында.

20170309172923

Қуантарлық жағдай, Димаштың 9 қаңтарда ашқан Sina Weibo (Туиттердің баламасы) әлеуметтік жеке парақшасына жазылған жанкүйерлер саны 2 миллион 800 мыңға жетті.

20170309172918

Жіберіп алмаңыз:

Димаш Құдайберген 9-кезеңде әйгілі Селин Дионның әнін орындайды (видео)

Димаш танымал Beauty Secret брендінің ресми өкілі атанды (видео)

Франциялық басылым: “Қытайлық тележоба қазақтың шоуына айналды”

Талқылау