Қытайдың бас елшісі: Димаш – екі ел қарым-қатынасының жаңа серпіні
Димаш Құдайбергеновтің ерекше талантын бүгін Қытай халықтық республикасының Бас консулы да атап өтті. Дипломаттың айтуынша, жас әнші қазақ елінің шоқтығы биік жұлдызына ғана айналып қоймай, күллі Қытай елін саф дауысымен тамсандырды.
Бұл туралы 31 арна хабарлайды.
Бас консул қазақ елінің мәдениеті мен салт-дәстүрі Қытайға да жат емес екендігін жеткізді. Ол болашақта Алматыға түбегейлі көшіп, қартайған шағын Алатау бөктерінде өткізгісі келетінін жеткізді. Сондай-ақ Қытайға барған әрбір сапарында қазақтың ұлттық сусыны шұбатты бірге ала баратынын, оны сүйсіне ішетінін айтты.
“Димаштың Қытайдағы танымалдылығы “Мен әншімін” байқауынан кейін арта түсті. Бұл жігіт екі ел арасындағы мәдени қарым-қатынастың жаңа серпіні болды. Жалпы қазақ жастарының Қытай еліне деген қызығушылығы соңғы жылдары артып келеді. Әсіресе Қытайда білім алуға деген құлшыныс ерекше”, – дейді Қытай Халық Республикасының Алматыдағы Бас консулы Чжан Вэй.
Жіберіп алмаңыз:
Қуан қазақ! Димаш “Жылдың ең танымал әншісі” жүлдесіне ие болды (видео)
Ақтөбедегі жастар сарайына Димаштың атын беру ұсынылды
Димашты тайваньдық әріптесі “Диконай” деп еркелетіп күлдірді (видео)
Әйгілі “Титаник” әнінің авторы Димашқа ерекше құттықтау жолдады (видео)