Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қытайда ұсталған студент қыз қазақстандық болмай шықты

ҚР сыртқы істер министрлігі ұялы телефонынан Құран мәтіні табылып ұсталған қыздың Қазақстан азаматы емес екенін мәлімдеді. Сонымен қатар, ол ШҚО-дағы Сәрсен Аманжолов атындағы оқу орынының да түлегі емес екен.

444386

Бұл туралы 31 арна хабарлайды.

Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университеті Аққу Еренбектің біраз уақыт сабаққа қатысқанын, бірақ ешқашан студент атанбағанын айтты.

“Ол ҚХР азаматы және бізде тек дайындық курсында оқыған. 2016 жылдың қазан айынан бастап курста оқып, 2017 жылы маусымда аяқтады. Ол тестілеуден өте алмағандықтан, студент атана алған жоқ. Ол қарапайым қыз болды. Ешқандай проблема тудырған жоқ”, – дейді проректор Ирина Ровнякова.

ҚР СІМ Аққу Еренбектің туыстары мен жақындарының ешқайсысы хабарласпағанын айтты.

“ҚР сыртқы істер министрлігінің базасында оның Қазақстан азаматы екенін растайтын мәлімет жоқ. Шетел азаматының өз елінің аумағында ұсталуын біз растай алмаймыз. ҚР елшілігіне де, Үрімші қаласындағы өкілдікке де ешкім хабарласқан жоқ”, – дейді ҚР СІМ ресми өкіл Әнуар Жайнақов.

Оқи отырыңыз:

Алматы әуежайында эротикалық түсірілім көрсетті (видео+18)

Қазақстанның қай өңірінде қай мамандықтардың жалақысы жоғары

Талқылау