Қытайда қамауда отырған Ақжарқын Тұрлыбайдың тағдыры жаңа жылға дейін шешіледі
Қорғаушы Сұңқар Нұрмағамбетов Ақжарқын Тұрлыбайдың ісі бойынша соңғы сот үкімі 2017 жылдың аяғына дейін шығатынын мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Сот процесі 2017 жылдың соңына дейін жалғасуы мүмкін. Осы уақытта Ақжарқын Тұрлыбайға үкім шығады. Сот үкімі Ақжарқын пайдасына болады деп үміттенеміз. ҚР СІМ біріге отырып Ақжарқынның анасына виза жасау мәселесін шештік. Министрліктің арқасында Ақжарқынның анасы 1 жыл бойы Қытайға кедергісіз кіріп шыға алатын болды», – деді Сұңқар Нұрмағамбетов.
Ақжарқынның қорғаушысы мен ҚР СІМ Қытайдан Қазақстан азаматтарын қайтару туралы халықаралық келісімнің тармақтарын пайдаланбақ.
Еске сала кетейік, 21 жастағы қазақ қызы Ақжарқын Тұрлыбай 2014 жылдың наурыз айында Қытайдың Малайзиямен шекарасында есірткімен ұсталған болатын. Оның жүк сөмкесінен 4,5 келі есірткі табылды, Ақжарқын ол туралы білмейтінін мәлімдеген.
Осы іс бойынша Қытайдың Гуанчжоу соты Ақжарқын Тұрлыбайды есірткі контрабандасымен айыптап, өмір бойына бас бостандығынан айырды. 2016 жылы 7 сәуірде апелляциялық сатыдағы сот Ақжарқын Тұрлыбайды өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасын өзгерту және істі бірінші сатыдағы соттың қарауына жіберу туралы қаулы етті.
Тағы да оқыңыз:
Қытай елшісі қысым көрген қазақтар жайында: Біздің ішкі жұмысымызға араласпауды сұраймыз
Спорттан шеттетілген Илья Ильин 2020 жылы Олимпиадаға қатысуы мүмкін