Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қытайда күзетші 40 жыл бойы бомбадан бас сауғалайтын қаңырап қалған нысанды күзетіп келген

Қытайдағы Гуйчжоу провинциясының тұрғыны Хэ Вэнбсунь 40 жыл бойы бомбадан паналайтын мекенді күзетіп келген.

444

Фото: military.china.com

Бұл туралы Gbtimes.com порталы хабарлайды.

Ол 40 жыл бойы осы маңды күзетсе де, әлгі мекеннің баяғыда есептен шығып қалғанын білмей келіпті. Бірде 87 жастағы Вэньсунь әскери комиссариатқа келіп, өзінің ауысымы қашан болатынын білгісі келеді. Ол 1975 жылы жергілікті әскери басшылық оны құпия бомбапанаға жауапты адам етіп тағайындап, 100 маманнан тұратын топ бергенін айтады.

3d4451a4cbd37a2440cea0948cbe0890

1976 жылы ҚХР төрағасы Мао Цзэдун қайтыс болып, Вэньсунның басшылары басқа жұмысқа ауысып кетеді. Осылайша ол аталған ғимараттағы жалғыз адам болып қала берген.

a011f798cd2f3e72d61a98d26bc57b66

Ақсақал сол бомбапананың алдына үй салып, түні бойы кірпік ілместен “құпия ғимаратты” күзетіп шығатын болған.

334c6961f2599d9228ac7d4aee276d91

Осыны әңгімелеп бергеннен кейін қытай армиясының офицерлері оған құпия бункердің еш құжатта жоқ екенін айтады.

796afa4517a163fd97f5bd8f318a627b

Нысанды арнайы барып көрген әскерилер, ғимараттың әлі де болса керемет жағдайда тұрғанын, кез-келген уақытта эксплуатацияға дайын екеніне көз жеткізеді.

687dff57b58b1217a40ed7922dcd6f4d

Осыдан соң қытай армиясының әскери қолбасшылығы ер адамды ол нысаннан кетуге шешім шығарып, қарт кісіне өз ісіне берілген адалдығы үшін марапаттаған.

d3fa858dd3fe7a72a1e2d14120a94bd3

Оқи отырыңыз:

БАҚ Ыстамбұлдағы терактіге байланысты қазақстандықтардың ұсталғанын хабарлады

ДАИШ-тың белгілі көшбасшысы 400 содырмен бірге босқын кейпіне еніп Европаға кіріп кеткен

Ерлі-зайыптылар қызының өлімі үшін Apple компаниясын сотқа берді

Италияда ер адам 60 жылға жуық жүргізуші куәлігінсіз көлік айдаған

Талқылау